Жаңалықтар

СОТТАЛҒАНДАРҒА РАҚЫМ ЖАСАЛАДЫ

ашық дереккөзі

СОТТАЛҒАНДАРҒА РАҚЫМ ЖАСАЛАДЫ

Рақымшылық шарасы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы қарсаңында жарияланбақ. Бұл туралы елiмiздiң Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоган Меркель мәлiмдедi. Оның айтуынша, 13 мыңнан астам адам iзгiлендiру шарасына iлiгедi. Оның екi мыңдайы қоныстану колониясында жазасын өтеп жатқандар болса, 10 мыңы сот тарапынан ескерту алған азаматтар. Дегенмен iзгiлiк шарасына iлiгетiн адамдардың саны әлi нақты емес. Ол алдағы уақыттары есептелетiн болады. Сонымен қатар, рақымшылық – кәмелеттiк жасқа толмаған баласы бар әйелдерге, құрсақ көтергендерге және зейнеткерлер мен мүгедектерге жасалады. Айта кететiн жайт, түзету мекемесiндегiлердiң уақыты да қысқартылуы мүмкiн. Қазiргi таңда, заң әзiрленуде, ол жақын арада ҚР Парламентiнiң қарауына жiберiлмек.

"Түркiстан-ақпарат"