Жаңалықтар

МӘРТЕБЕЛI ҰЙЫМНЫҢ МЕРЕКЕЛIК ҚҰТТЫҚТАУЫ

ашық дереккөзі

МӘРТЕБЕЛI ҰЙЫМНЫҢ МЕРЕКЕЛIК ҚҰТТЫҚТАУЫ

Наурыз – Балқан түбегiнде, Қара және Каспий теңiздерiнiң бассейнiнде, Кавказда, Орталық және Оңтүстiк Азия мен Таяу Шығыста орналасқан елдер үшiн аса маңызды мереке. Мыңжылдықтар шеңберiнде аталатын мереке жаймашуақ көктемнiң келгенiн бейнелейтiн әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердiң тоғысуымен байланысты.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өткен жылы Халықаралық Наурыз күнiн бекiткеннен соң, күн мен түннiң теңелген күнi әлемде кеңiнен аталып өтуде. Наурыз сондай-ақ ЮНЕСКО-ның адамзаттың баға жетпес мәдени мұраларының репрезентативтi тiзiмiне де енiп отыр.

Наурыз – жаңа күн деген мағынаны бiлдiредi. Бұл мереке адамзат пен табиғаттың арасындағы үндестiктi аңғаруға зор мүмкiндiк тудырады. Бұған қоса Наурыз өзара сыйластық пен түсiнiстiк негiзiндегi барлық мәдениеттердiң арасындағы келiсiм мен бейбiтшiлiктi қамтамасыз етуге шақырады.

Бұл қайталанбас құндылықтар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының негiзгi мақсаты болып табылады әрi қоршаған ортаның тоқырауға ұшырауы, адамдардың құқығының бұзылуы, шыдамсыздық пен қарулы қақтығыстар сияқты өткiр ғаламдық мәселелермен күресiп жатқан бүгiнгi күнде үлкен маңызға ие.

Сондықтан мен бүкiл әлем бұл мерекенi атап өтедi деп сенемiн. Осы мерекенi атап өту дәстүрi пайда болған дағдарыс пен өзгерiстер орын алып жатқан мемлекеттерде Наурыз рухы жаңғырсын!

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун