Жаңалықтар

“ҰЛЫ ДАЛА” ГАЗЕТIНIҢ ҮНI

ашық дереккөзі

“ҰЛЫ ДАЛА” ГАЗЕТIНIҢ ҮНI

Ақпарат айдыны тағы бiр қазақтiлдi апталық газетпен толықты. Өзiндiк ұстанатын бағыт-бағдарымен ерекшеленетiн "Ұлы Дала" газетi бiрден өзiне назар аудартып отыр.

Республикалық қоғамдық-саяси басылым алғашқы санында Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын лайықты түрде атап өту үшiн ұсынған жоспарын жариялапты. Газеттiң бас редакторы белгiлi жазушы, публицист Бейбiт Қойшыбай: "Бұл басылым атынан аңғарылып тұрғандай, байырғы Ұлы Дала төсiнде қазiргi өркениетке сай жаңа да болашағы зор ғажайып мемлекет орнатқан дархан халқымыздың тыныс-тiршiлiгiне арнайды" дептi тұсаукесер санында.

"Ұлы Даланың" күн тәртiбiндегi саясат мәселелерiне назар аударатын "Темiрқазық" бөлiмi, жұртшылыққа қоғамның тыныс-тiршiлiгiн жеткiзетiн "Демократия" бөлiмi, баршаға қызықты әрi пайдалы тарихи материалдар жариялайтын "Таным" бөлiмi оқырманның көңiлiнен шығуға тырысады.

"Түркiстан-ақпарат"