Жаңалықтар

КАДДАФИ МИЛЛИАРДТАРЫНАН АЙРЫЛДЫ

ашық дереккөзі

КАДДАФИ МИЛЛИАРДТАРЫНАН АЙРЫЛДЫ

Өткен аптада АҚШ-тың қаржы министрлiгi Ливия лидерi Мумаммар Каддафиге және Ливия үкiметiне тиесiлi 30 миллиард доллар көлемiндегi қаржы мен аса құнды қағаздарға тосқауыл қойылғаны туралы хабарлады.

Бұл туралы шешiм 25 ақпанда қабылданған. Алайда Ливия лидерiнiң есеп-шотындағы ақшаның нақты соммасы жарияланбаған едi. Каддафиге қатысты қаржы санкциясына АҚШ президентi Барак Обама қол қойды. АҚШ қаржы министрiнiң өкiлi Девид Коэннiң айтуынша, АҚШ тарихында бұрын-соңды мұндай сомадағы ақшаға тосқауыл қойылмаған екен. Сондай-ақ қаржы министрлiгiнiң өкiлi Каддафи үкiметiнiң ақшалары қай банктерде сақталғаны әлi беймәлiм екенiн де хабарлады.

Ақпанның соңғы күнiнде ЕО Каддафиге қатысты санкцияны бекiткенi мәлiм болды. Еуроодақтың Ливия лидерi мен оның айналасындағы адамдардың активтерiн тұтқындау және олардың Еуроодақ аймағына кiруiне тыйым салу туралы шешiмi алдағы уақытта өз күшiне енетiн болады. Ал БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесi Ливияға қатысты санкциялар жөнiндегi резолюцияны қабылдады. Ақпанның ортасында Ливияда басталған ереуiлдер әлi де толастар емес. Бейресми деректерге жүгiнсек, Каддафидi жақтаушылар мен полиция арасындағы қақтығыста 2000-ға жуық адам шейiт болған.

Бұған дейiн Швейцария тақтан кеткен Мысырдың экс-президентi Хусни Мүбарактың есеп-шотына тосқауыл қойған болатын.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ