Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ МӘН БЕРСЕК...

ашық дереккөзі

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛГЕ МӘН БЕРСЕК...

Саққұлақ би: "Адамның басшысы – ақыл, жетекшiсi – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсiп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мiнез, сынаушысы – халық" деген екен.

Ақиқатында, халық сыншыл. Бұған себеп, әр адамның ой-өресi, қабылдау-қабiлетi әрқилы. Бiрақ халықтың басым көпшiлiгi Елбасымыздың он жыл уақытқа өз орнында қалуын мақұлдайды.

Не десек те, Нұрсұлтан Әбiшұлы – тәуелсiздiк тұғырына қол жеткiзiп, егемен болғалы елiмiздiң Тұңғыш Президентi. Бiрнеше жыл ел басқару, халық қамын ойлау үлкен жауапкершiлiкпен қатар аса парасаттылық пен санаткерлiктi, бiлiмдiлiктi қажет етедi. Көтерер жүгi ауыр бұл қызметтiң иесi атану талмай еңбектенудiң нәтижесi болса керек.

Бiрақ жұрт арасында айтылып жүрген бiр сөз – Елбасымыздың өз Жолдауында маңызды мәселелердi ана тiлiмiзде емес, орыс тiлiнде жеткiзуi. Елбасымыздың көреген, биiк тұлға екендiгiн мойындаймын. Өзге елдермен қарым-қатынасты нығайтуды, тату-тәттi ғұмыр кешудi, ауызбiршiлiктi сақтауды қалайтыны да түсiнiктi. Бiз де өз елiмiзде өмiр сүргеннен кейiн Елбасымыздың да ана тiлiмiзге зор мән бергенiн жөн шығар деп ойлаймыз. Орыс тiлi халықаралық қарым-қатынас тiлi екендiгiн баршамыз бiлемiз. Бiрақ мемлекеттiк тiлiмiз одан да маңыздырақ. Сондықтан қазақ халқының ана тiлi өркендесе екен. Бiз бұған сенемiз!

Әсел Таңатарова, ҚазҰУ-дiң студентi