Жаңалықтар

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ӨЗГЕРIСТЕРГЕ САРАПТАМА

ашық дереккөзі

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ӨЗГЕРIСТЕРГЕ САРАПТАМА

Жақында еңбек нарығындағы өзгерiстерге сараптама жүргiзiлдi. Еңбек нарығындағы жағдайға үңiлсек, қаңтар айында тұрақты жұмысы барлар қатарында 8,1 млн. адам болған. Өткен жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда олардың саны 135,6 мың адамға, яғни 1,7%-ға артық. Бұл – әрине жағымды жаңалық. Ал жалдамалы жұмысшылар саны 5,4 млн. адамды құрады. Алайда бұл көрсеткiштер жұмыссыздар санын жоққа шығара алмайды. Қаңтардың аязымен бiрге жұмыссыздықтың зардабын шегiп жүргендер саны – 486,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейi – 5,7%. Тағы бiр назар аударатын жайт – жасырын жұмыссыздық көрсеткiшi. Оның осы айдағы мөлшерi 0,6%-ға жеткен.

Iрi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға ағымдағы жылдың қаңтар айында 71,8 мың адам қабылданып, әр түрлi себептермен 66,1 мың адам жұмыстан кеткен. Жұмыстан өз еркiмен кеткендер салмағы 79,1%-ды құрайды. Қызметшiлер санын қысқартуға байланысты далада қалғандар үлесi – 3,9% болса, басқа себептермен – 17% адам жұмыссыздар санының үлес салмағын көбейтiп тұр.

Қоғамдағы басты назарда тұрған мәселе – жұмыссыздық деңгейiн төмендету. Халықтың әлеуметтiк жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың белсендiлiгi осындай сараптама көрсеткiштерi арқылы анықталады.

Г.САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ