БАҚ-тағы БАҒЫТТЫҚ КЕҢЕС
БАҚ-тағы БАҒЫТТЫҚ КЕҢЕС
Елiмiздiң БАҚ-да тың өзгерiс болды. Бұл туралы Байланыс және ақпарат министрi Асқар Жұмағалиев хабарлады. Ол өз блогында: "Жақын күндерi министрлiкте БАҚ жетекшiлерiнiң басын қосқан кезектi кеңес өттi. Осы кеңесте мен Бағыттық кеңес құру туралы ойымды айттым", – деп жазады.
Асқар Жұмағалиевтiң айтуынша, бұл Бағыттық кеңес қоғамдық қатынастар мен БАҚ заңнамаларын жетiлдiру, БАҚ-ы үшiн тәжiрибелiк-кепiлдемелiк ұсыныстарды қарастыру, ұлттық инфроаймақты зерттеу сынды өзектi мәселелермен айналысатын өзiндiк ерекшелiгi бар ұйым болуы керек деп жоспарлануда.
Бұл кеңес құрамына мемлекеттiк ұйым мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, Парламент депутаттары, масс-медиа жетекшiлерi кiредi.
Гүлназ САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ