ШIЛДЕДЕ КӨЛIК БАҒАСЫ 2 ЕСЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКIН
ШIЛДЕДЕ КӨЛIК БАҒАСЫ 2 ЕСЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКIН
Биылғы шiлдеден бастап шетелден әкелiнетiн көлiктерге кедендiк баж салығы көтерiлдi, сiздiңше соған байланысты көлiктiң бағасы қанша пайызға көтерiлуi мүмкiн?
Алексей, кәсiпкер:
– Иә, бiзге көбiне Америка мен Еуропа елдерiнен көлiк тасымалданады. Ол көлiктердi тасымалдау уақыты 3 айға созылады. Сондықтан келесi автокөлiк тасымалдау уақытына дейiн бiзде қайта заң өзгеретiнiн ескерсек, әкелiнетiн көлiктiң бағасы да 2 немесе 3 есеге көтерiлуi әбден мүмкiн.
Мақсат:
– Баға қазiрше қалыпта, бiрақ алдағы 2 айдан соң көтерiледi деген сыбыс бар. Дегенмен нақты қанша пайызға шарықтайтынын айта алмаймын.
Евгений:
– Осы заң шыққаннан кейiн бiз әр көлiкке 5000-6000$ кедендiк баж салығын төлеуiмiз мүмкiн, ал қазiр 1500-2000$ шамасында ғана төлеймiз. Сондықтан бiз үшiн осы тиiмдi.
Азамат:
– Бiзде жалпы салық, баға тұрмақ көлiк базары дұрыс жолға қойылмаған. Мәселен Латвия, Грузия сияқты мемлекеттер осы көлiк базары арқылы-ақ қаншама пайда түсiрiп, экономикасын, ауылшаруашылығын дамытып, халқының әл-ауқатын қалыпты жағдайда ұстап тұр. Бiзге де осы үлгiнi алу қажет.
Дмитрий:
– Қанша пайызға көтерiлетiнiн бiлмеймiн, менiңше осы мәселенi билiк бiрқалыпты жүйеге келтiрiп, жолға қойып берсе, ол мемлекетке де, халыққа да, бiзге де пайдасы зор болар едi.
Қали, кәсiпкер:
– Мен бұл саламен айналысқалы 10-14 жылдың көлемi болды. Бiр қызығы, мына кедендiк баж салығы деген евромен есептелiнедi де, тұтынушыларға долларға ауыстырылады. Мен осы мәселенi түсiнбеймiн.
Дамир:
– Мен жәй сатушымын, сондықтан баға түсе ме, әлде өсе ме ол жағын бiлмеймiн. Егер баға шарықтаса, сатып алушы азаяды. Себебi бiздiң халықтың әл-ауқаты оны көтере бермейдi. Қазақстан халқының барлығы бай тұрмайды.
Руслан:
– Кедендiк баж салығы көлiктiң двигатель көлемiне байланысты алдағы уақытта қымбаттауы мүмкiн.
Петр:
– Бiзде жалпы барлық салада бағаның тұрақтылығы жоқ. Көлiктi былай қойғанда, жәй ғана халық көп тұтынатын азық-түлiк бағасын айтуға болады.
Сауалнаманы жүргiзген
Айнұр АҚЫНБАЕВА, ҚазҰУ-дың студентi