Жаңалықтар

РЫСҚҰЛОВТЫ РЕСЕЙ ЕСКЕРДI

ашық дереккөзі

РЫСҚҰЛОВТЫ РЕСЕЙ ЕСКЕРДI

Республикаға белгiлi геолог Молдияр Серiкбаев көп жылдардан берi мемлекет және қоғам қайраткерi Тұрар Рысқұловтың өмiрi мен қызметiн зерттеп келедi. Ол туралы жариялаған мақалалары да аз емес. Серiкбаев мақала жариялаумен шектелiп қалған жоқ. Мәскеу Үкiметiне бiрнеше рет арнайы хат жазып, Тұрар Рысқұловтың 1931-1934 жылдары РСФСР Совнарком төрағасының орынбасары қызметiнде жүрiп, халық шаруашылығындағы көптеген мемлекеттiк мәселелердi шешкенiн ескертiп, ол тұрған үйге ескерткiш тақта қоюды ұсынған едi. Оның табанды ұсынысы жуырда жүзеге асты.

Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеуден арнайы хат алған. Хатта: "Мәскеу қалалық мәдениет департаментi Сiздiң мемлекет және қоғам қайраткерi Тұрар Рысқұловты мәңгi есте қалдыру үшiн ескерткiш тақта қою жөнiндегi ұсынысыңызға байланысты мынаны хабарлайды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшiлiгiнiң қолдауымен бiр кездерi Тұрар Рысқұлов тұрған Мәскеу қаласындағы Покров бульвары, №14 үйге ескерткiш-тақта орнатылатынын жеткiземiз. Бұл туралы әйгiлi оқиғалар мен отандық тарих және мәдениет қайраткерлерiнiң атын мәңгiге қалдыру жөнiндегi Комиссия 2010 жылдың 2 желтоқсанында оң шешiм шығарды", – деп жазылған.

"Түркiстан-ақпарат"