Жаңалықтар

ЖОЛДАУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

ашық дереккөзі

ЖОЛДАУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылға арнаған "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты Жолдауын қолдау мақсатында дөңгелек үстел өткiздi.

Жолдау – мемлекет iс-әрекеттерiнiң негiзгi бағыттарын белгiлейтiн стратегиялық құжат. Биылғы бағдарламалық құжаттың негiзгi ерекшелiгi – елдi модернизациялау жолындағы бiрқатар нақты мәселенi шешуге басымдық берiлуiнде. Әрине бұл тәуелсiз Қазақстанның экономикалық-саяси тұрғыдан дамуына өз септiгiн тигiзетiнi сөзсiз.

Қазақ елiнiң тәуелсiздiгiне – 20 жыл. Биылғы Жолдаудың басымдық берген тұсы да осы. Дөңгелек үстелде Тәуелсiздiк алған 20 жыл iшiнде Қазақстанның қол жеткiзген жетiстiктерi мен жеңiстерi де сараланды. Мемлекеттiк саясаттың Президент Жолдауында сөз етiлген стратегиялық мақсаттарға тiкелей қатысты ауқымды мәселелерi де талқыға салынды. Жолдаудың негiзгi идеологемалары – отандық денсаулық сақтау жүйесi мен жоғары мектептiң инновациялық дамуы, сондай-ақ индустриалдық-инновациялық даму барысында халықты жұмыспен қамту, этносаралық тұрақтылық мәселелерi, елiмiздiң сыртқы саясаттағы орны да назардан тыс қалған жоқ.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ