Жаңалықтар

"САПА ЗАМАНЫ" ЖҮЛДЕГЕРI – ҚАЗАҚ БАСПАСЫ

ашық дереккөзі

"САПА ЗАМАНЫ" ЖҮЛДЕГЕРI – ҚАЗАҚ БАСПАСЫ

Жақында Швейцарияның Женева қаласынан қуанышты хабар келдi. "Балалар Әдебиетi" баспасы "International Quality Conbention" халықаралық конвенцияның "Сапа Заманы" (Эра качества) алтын жүлдесiмен марапатталды.

Бұл сапа мәдениетiн әлемге ендiру мақсатында берiлетiн сыйлық 1986 жылдан берi қолға алынған болатын. Халықаралық жүлденi алу барысында бүкiл әлемдiк BJD конгресiнiң Лондонда, Мадридте, Женевада, Парижде және Нью-Йоркте он ай мерзiм iшiнде қатысушы мемлекеттер өкiлдерi арасында дауыс беру шарасы өтедi.

2010 жылы шараға 118 мемлекеттiң компаниялары, бизнес ұйымдары, мекемелерi қатынасыпты. Ендi мiне, солардың iшiнен қазақстандық баспа (директоры Шайзада Байкенова) жүлдеге iлiнiп отыр. Бұл сөз жоқ – үлкен табыс. Қалай дегенде көк туы желбiреген жас мемлекеттiң кiтапты сапалы шығару саласындағы үлкен сапа жетiстiгi деуiмiз керек. Бәйге 2011 жылдың 7 наурыз күнi Швейцарияның Женева қаласында тапсырылады. Оны BJD-тiң президентi Хосе Э.Приеге тапсыратын болады.

Шаймұрат Телiбайтегi