Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ОРАЛМАНМЕН КҮРЕС

ашық дереккөзі

ЖАЛҒАН ОРАЛМАНМЕН КҮРЕС

Елiмiздiң бас прокуратурасы былтыр елiмiзге оралды деп 360 оралманға төленген қаржының жалған екендiгiн анықтаған. Олар санақта бар болғанымен, санатта болмай шыққан. Тiптi шекарадан өтпегендiгi де айқындалған. Оралмаған "оралмандар" үшiн 0,5 миллион доллар көлемiнде жәрдемақы төленген. Бұның қалай орын алғанын Қаржы полициясы тергеу үстiнде.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы жалған жолмен "оралман" куәлiгiн жасап, оларға тиесiлi 1 миллион теңгенi аударған топтар үстiнен қылмыстық iс қозғаған. Бұл жайында Республиканың Бас прокурорының ресми өкiлi Жандос Өмiрәлиев мәлiмдедi.

Есенгүл Кәпқызы