Жаңалықтар

"ЭЙР АСТАНА" АЗИАДАҒА ДАЙЫН

ашық дереккөзі

"ЭЙР АСТАНА" АЗИАДАҒА ДАЙЫН

VII Қысқы Азия ойындарының ресми тасымалдаушысы атанған "Эйр Астана" Ұлттық әуе компаниясы Азиадаға дайын. Әуекомпаниясы Азиада барысында Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 14 қосымша рейстi енгiзудi жоспарлауда.

"Эйр Астана" әуе компаниясы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында елiмiзде өтетiн Қысқы Азия ойындары барысында ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерiн, шетелден келген ресми делегаттарды және поштаны тасымалдайды. Сондай-ақ, ұлттық әуе тасымалдау компаниясы шараға қатысушы және ұйымдастырушылар үшiн Астана қаласына чартерлi рейстi ұйымдастырып отыр.

Әуе компаниясының әлемнiң 13 мемлекетiне қатынайтын ұшақтары Қысқы Азия ойындарының логотипi мен шараның басты символы "Ирбидiң" суретiмен әсемделген. Бұл өз кезегiнде Қазақстанның имиджiн қалыптастырып, жаһан назарын Қысқы Азия ойындарына аударады.

"Азиада-2011" – қазақ елiнiң қонақжайлылығы мен кең пейiлiн, Iле Алатауы тауларының әсемдiгiн, Қазақстанның Астана мен Алматы сияқты қалаларының сұлулығы мен қазақ спортшыларының шеберлiгiн әлемге паш етудiң бiрден бiр мүмкiндiгi. "Азиада-2011" сияқты iрi көлемдi iс-шараны жүзеге асыру спорттың қысқы түрлерiмен айналысуға арналған туристiк бағыт ретiнде Қазақстанның рейтингiсiн ұлғайтып қана қоймай, сондай-ақ болашақта көптеген туристер ағымының артуына септiгiн тигiзiп, елдiң әлемдiк аренадағы имиджiнiң артуына әсер етедi", – дейдi "Эйр-Астана" АҚ президентi Питер Фостер.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ