РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!

РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ!
ашық дереккөзі

Елбасының өкiлеттiгiн ұзартуға байланысты референдум өткiзу туралы бастамашы топтың ұсынысын қолдайтындар тарапы күннен-күнге көбейiп келедi. Алматы облыстық кедендiк бақылау департаментi ұжымы да осы орайда өз ұсыныстарын ортаға салған екен.

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! “Сiздiң кеден саласына деген шынайы қамқорлығыңызға алғысымыз шексiз. Өткен жылы "Қорғас" кеден бекетiнде он сегiз пәтерлi екi тұрғын үй кеденшiлер мен олардың отбасыларына пайдалануға берiлдi. Жақын күндердiң бiрiнде "Қалжат" кеден бекетiнде екi бiрдей тұрғын үй тұрғызылатын болады. Ол үйлер жиһаз, газ, ыстық су, төсек жабдықтарына дейiн толықтай қамтамасыз етiлмек. Осылайша, "Қорғас" пен "Қалжат" кеден бекеттерiндегi тұрғын үй мәселесi де өз шешiмiн табатын болады. Сонымен бiрге, биылғы жылдан бастап, шекара маңында қызмет ететiн кеденшiлердiң жалақысы да 125 мың теңгеге дейiн көтерiледi деп күтiлуде. Кеденшiлердiң өз қызметiн антына сай, адал әрi шыншыл орындауларына кедергi келтiретiн ұсақ-түйек мәселелердiң бәрi өз шешiмiн тапқан. Кеден бекеттерiнiң бәрi заманауи технологиямен жабдықталған. Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан Республикасының кеден қызметi көптеген көршiлес елдерге үлгi бола алады. Сiздiң басшылығыңыздың арқасында республикамыз айтулы нәтижелерге қол жеткiздi. Бүгiнде Қазақстан ТМД елдерi арасында көптеген макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша алғашқы орында. Азаматтардың әл-ауқаты артып келедi, елiмiзде жұмыс орындары көптеп құрылуда, жаңадан балалар бақшасы, ауруханалар, мектеп, университеттер ашылып жатыр. Соқырға таяқ ұстатқандай осы жетiстiктердi көрмеу, байқамау мүмкiн емес. Елiмiз тәуелсiздiк алған жылдары бiрталай шаруа бiтiре алдық, ең бастысы – ұлтты ұйыстыра бiлдiк. Бүгiнде елiмiзде қазақтарды, орыстарды, шешен мен ұйғырды жара қарау мүмкiн емес. Мұндай халықтың бiрлiгi ертеңгi күнге, балаларымыздың бақытты келешегiне деген сенiмдi арттырады. Бiз елiмiздiң өсiп-өркендеуi үшiн қызмет етуге дайынбыз. Елiмiздiң халықаралық беделi де артуда. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еттi. Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитi өттi, ол Саммитке әлемнiң алпыстан астам мемлекетiнен қонақтар келiп қатысты. Астана декларациясы қабылданды. Мұның бәрi бiздiң жүрегiмiзде елiмiзге деген, Қазақстанымызға деген зор мақтаныш сезiмiн ұялатады. Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы! Бiз де өз тарапымыздан шығысқазақстандық бастамашы топтың референдум өткiзу туралы ұсынысын қолдаймыз. Сiздiң басқаруыңызбен Қазақстан экономикалық, саяси және әлеуметтiк дамулардың жаңа белестерiне көтерiлетiн болады. Әлемнiң дамыған мемлекеттерiмен иық теңестiруге мүмкiндiк бередi”.
Алматы облыстық Кедендiк бақылау департаментiнiң жеке құрамы