Жаңалықтар

"ҚАРДЕШ ҚАЛЕМЛЕРДЕГI" ҚАЗАҚ АҚЫНЫНЫҢ ӨЛЕҢI

ашық дереккөзі

"ҚАРДЕШ ҚАЛЕМЛЕРДЕГI" ҚАЗАҚ АҚЫНЫНЫҢ ӨЛЕҢI

Аталмыш журналдың бұрынғы сандарында бiраз қазақ жазушыларының әңгiмелерi басылған болатын. Сондай-ақ, бұған дейiн де әртүрлi түрiк басылымдарында қазақ ақындарының өлеңдерi түрiк тiлiнде жарық көрiп келдi. Олардың қатарында: Абай, Шәкәрiм, Мағжан Жұмабаев, Тұманбай Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Сәкен Иманасов, Есенғали Раушанов, Бауыржан Жақып, Қасымхан Бегманов т.б. ақындарымыз бар.

Түркиядағы Еуразия Жазушылар Одағы жанынан шығатын "Қардеш қалемлер" атты журналдың биылғы жылғы санында белгiлi ақын, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Есенғали Раушановтың өмiрбаяны мен өлеңдерi жарияланды. Қазақ ақынының өлеңiн аударған белгiлi түрiк ақыны, Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты Али Акбаш мырза.

"Түркiстан-ақпарат"