ГАЗЕТIМIЗДIҢ АВТОРЫ – "ЕҢ ҮЗДIК ОҚЫТУШЫ"
ГАЗЕТIМIЗДIҢ АВТОРЫ – "ЕҢ ҮЗДIК ОҚЫТУШЫ"
Елiмiздiң бiлiм беру саласында аянбай тер төгiп жүрген үздiк оқытушылардың тiзiмi анықталды. 200-дей үздiк оқытушының қатарында қылмыстық құқық, криминология бойынша шәкiрттерге дәрiс берiп жүрген әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң кафедра меңгерушiсi, газетiмiздiң белсендi авторы Есберген Алауханов та бар.
Заң саласының бiлгiр маманы бұл дәрежеге өзiнiң еңбекқорлығының, бiлiмге деген құштарлығының арқасында жетiп отыр. Қылмыстық процестермен қоса, сан түрлi тақырыптарға қалам тербейтiн Есберген Оразұлының бүгiнде 30-ға жуық еңбегi жарық көрдi. Ендi, мiне, "ұстаздық етуден жалықпаған" заңгер-қаламгер "Ең үздiк оқытушы" атанды.
"Түркiстан-ақпарат"