Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМ ӨТКIЗУДI ҚОЛДАЙДЫ

ашық дереккөзі

АРДАГЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМ ӨТКIЗУДI ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстанның тұңғыш Президентi, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттiк өкiлеттiлiгiн 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейiн ұзарту жөнiнде референдум өткiзу үшiн бастамашыл топ халықтан қол жинауға кiрiсiп кеттi.

Дәл осы кезде елiмiздiң әр өңiрiнде референдум өткiзу шарасына байланысты дүркiн-дүркiн басқосулар өтуде. Алматы қаласының жұртшылығы да Елбасы құзыретiн ұзартуды бiрауыздан қолдайтындықтарын бiлдiрдi. Мәселен, референдум өткiзудi мақұлдаған әскери қызметкерлер Ауғанстан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерi қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшелерi қол жинауға кiрiсiп кеттi. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Ауғанстан соғысы ардагерлерi қауымдастығының төрағасы Талғат Әбдiжаппаров: "Қазiр Елбасыға деген сенiм өте жоғары. Қазақ елi экономикалық дағдарыстан шыққан соң ауқымды әрi маңызды ЕҚЫҰ Саммитiн өткiздi. Сол арқылы Қазақстан төрткiл дүниеге танылды. Енбi бiз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Елбасының салиқалы саясаты бәрiмiзге қажет" деген ойын жеткiздi. Соғыс ардагерлерiнiң пiкiрiнше, бұл бастаманы қолдау идеясы Қазақстан беделiнiң биiктеген күнiнен бастап туындаған. "Өйткенi, жергiлiктi халыққа тыныштық қажет" деген Талғат Әбдiжаппаров: "Қазақстанның мемлекеттiк саясаты өте мықты әрi берiк болуы тиiс. Бiз Ресей, Қытай, Америка сынды алып елдердiң геосаяси ортасында орналасқан мемлекетпiз. Сондықтан да қазақ елiн басқаруға өте бiлiктi, бiлiмдi, сарабдал саясаткер керек. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев" деп толықтырды өз ойын. Ал "Ардагер" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Жұмат Құнанбай: "Бiзге керегi ұлтаралық татулық пен бiрлiктi ұстап тұру. Бұл тұрғыда Елбасынан басқа кепiл бола алатын үмiткер жоқ" – дедi.

Д.ДҮРМӘН