Жаңалықтар

"ТҮРКIСТАННЫҢ" ТIЛШIЛЕРI ЕРЛЕП ТҰР!

ашық дереккөзі

"ТҮРКIСТАННЫҢ" ТIЛШIЛЕРI ЕРЛЕП ТҰР!

Тәуелсiздiкке тәубе! Тәуелсiздiктiң тойы – барша қазақтың тойы. Бабалар армандаған тәуелсiздiктiң тойы тойға ұласып тұр. Дәл сол қасиеттi мереке қарсаңында, "түркiстандықтарда" да үлкен той! Осы күндерi газетiмiздiң бас редакторының орынбасары, белгiлi жазушы Дидахмет Әшiмханұлы "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" атағына ие болды.

Ал, жуырда Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселесi жөнiндегi жетекшi журналистер мен сарапшылар клубы Халықаралық төзiмдiлiк күнiне арналған жиын өткiзген болатын. Аталмыш шара аясында этножурналистика саласында елеулi үлес қосқан және этносаралық тақырыпта белсендi ой тербеп жүрген республикалық және жергiлiктi БАҚ редакцияларына "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен гранттар табыс етiлдi. Олардың арасында, "Түркiстан" газетiнiң журналистер тобының жетекшiсi, белдi тiлшiмiз Есенгүл Кәпқызы да бар.

"Журналистiң қаруы – қалам" десек, қарулы қаламының арқасында елiне сiңiрген еңбегi ақталып, елдiң қошеметiне бөленген әрiптестерiмiздiң қуанышына бiз де ортақпыз!

Редакция