Жаңалықтар

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛI

ашық дереккөзі

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛI

Желтоқсанның алғашқы күнiнен бастап Жаңа жылға дейiн қалалық №73 мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтар достығына арналған оқушы-өнерпаздардың фестивалi жүрiп жатыр. Мектеп директоры Ұлтуар Абдрахованың айтуынша, балғын өнерпаздар елiмiздегi әр ұлттың дәстүрлi киiмдерiн киiп, сол халықтың салтына ыңғайлы, көркемдiк өнерiмен сахнаға концертпен шығуда.

Осы күнге дейiн сахнада қазақ, өзбек, белорус, тәжiк, украин және басқа ұлттардың дәстүрi мен өнерiн паш еткен балалар ұжымы ата-аналар мен мұғалiмдердiң құрметiне бөлендi. 2 "В" сыныбының оқушылары ұстаздары Гүлмира Күлсеитованың жетекшiлiгiмен туысқан өзбек халқының өнерiн паш етiп, көрермендердiң көңiлiнен шықты.

Тәуелсiздiк күнiне арналған фестивалға гимназияның ата-аналар комитеттерiнiң мүшелерi белсене араласып, зор қызығушылықтарын танытуда.

Ильдар АХМЕТОВ,

Алматы қаласы