Жаңалықтар

ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚАЗАҚ

ашық дереккөзі

ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚАЗАҚ

Жақында Алматыда жеке баспаханадан Есбол Өмiржановтың "Алты Алаштың абызы" атты кiтабы жарық көрдi. Сүйiншi кiтап қазақтың қазыналы қарты, ғалым-этнограф Жағда Бабалықұлының мұрасына арналған.

Автор Жағда Бабалықұлының мұрасын бiраз уақыттан берi зерттеп, түгендеп жүрсе керек. Ғалымды этнография саласының маманы, зерттеушi ретiнде ғана емес, саясаткер ретiндегi жаңа қырынан ашуды мақсат еткен автор оның саяси саяси-құқықтық көзқарасын талдауға талпыныс жасаған. Автордың өзi жазбақшы, "Әр заманның өз абызы, елi үшiн жан пидалап жауға шабар қаһарманы, ұлт қамын ойлап, "күндiз отырмадым, түнде ұйықтамадым" дейтiн саясаткерi болса, сол тұлғаларға тән қасиеттердiң бәрiн бойына тоғыстырған толыққанды қазақ осы Жағда Бабалықұлы едi" дейдi.

Кiтапқа Жағда Бабалықұлының кезiнде жазылып, бiрақ баспа бетiн көрмеген мақалалары мен Шығыс Түркiстан Республикасына қатысты жазбалары, сондай-ақ абыздың көзiн көрген кiсiлердiң естелiктерi де топтастырылып берiлген.