Жаңалықтар

ҰРПАҚТАР ТӘУЕЛСIЗДIККЕ

ашық дереккөзі

ҰРПАҚТАР ТӘУЕЛСIЗДIККЕ

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында "Тәуелсiздiк күнiне" арналған, "Жасай бер мәңгi, Қазақстаным" атты мерекелiк кеш өттi. Кеште егемен елдiң кешегi мен бүгiнi жайлы айтылып, тарихтан сыр шертiлдi.

Кештiң өтуiне мұрындық болған кiтапхана меңгерушiсi Марха Керiмбекованың айтуынша, бiлiм ошақтарында мұндай кештердiң жиi өткiзiп тұруы бүгiнгi ұрпақты патриоттыққа баулитын бiрден бiр жол. Бұл кештiң өтуiне мектеп-гимназияның оқу iсiнiң меңгерушiлерi Нұрпейiсова Кенжегүл, оқу iсiнiң меңгерушiлерi Шәрiпбекова Перизат пен Несiпбекова Ұлжанның ерекше үлес қосты. Қалалық кiтапханашылар семинары мен тәуелсiздiк мейрамына тұспа-тұс келген кешке мектеп-гимназияның өзiн-өзi басқару комитетi жұмылып кiрiсiп, кештiң өтуiне ат салысты. Өзiн-өзi басқару комитетiнiң президентi Нұрғазы Шыңғыс осындай айтулы кештерi бұдан былай да жиi өткiзiлiп тұратынына сенiмдi. Кешке "Қазақтың желтоқсаны" атты кiтаптың авторы Қайым-Мұнар Табеев және Желтоқсан оқиғасына қатысқандар қонаққа келiп, сол зұлмат күндердiң естелiгiмен бөлiстi.