БАС МҮФТИ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
БАС МҮФТИ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
Астанада өткен Қазақстан Мұсылмандарының V құрылтайында Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы болып Әбсаттар қажы Дербiсәлi қайта бекiтiлдi.
Мұсылмандар құрылтайының әрбiр бес жыл сайын өтiп тұратыны белгiлi. Құрылтайға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен 182 делегат келген. Биылғы құрылтайға елiмiздiң дiни қайраткерлерi мен имамдары ғана емес, сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Тәжiкстан мен Моңғолияның мұсылмандар қауымдастықтарының да өкiлдерi ат басын тiреген. Олардың бәрi де жасырын дауыс беру арқылы Әбсаттар қажы Дербiсәлiнi бiрауыздан қолдады. Сөйтiп, Дiни басқарманың қазiргi төрағасы Әбсаттар қажы Дербiсәлi 3-шi мерзiмге қайта сайланды.
Құрылтайға жиналған жалпы жамағатқа Президент әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Мәулен Әшiмбаев: "Алдағы жылы Ислам конференциясы ұйымына жетекшiлiк етемiз. Оның әлемдiк деңгейдегi абырой беделiмiздiң одан әрi арта түсуiне себеп болары анық. Ел халқының басым бөлiгiн құрайтын мұсылман қауымы отанымыздың бiрлiгi мен ынтымақтастығының бекем болуына үлес қоса бередi деп сенемiн. Аллаһ Тағала қайырлы iстерiмiздi қабыл етiп, бiрлiгiмiздi баянды еткей", – деп Елбасының жүрекжарды лебiзiн жеткiздi.
63 жастағы Әбсаттар қажы Дербiсәлi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасынан бөлек, бүгiнгi таңда Орталық Азия мүфтилерi кеңесiнiң төрағасы қызметiн де атқарады.