ЕҚЫҰ-ның ШОЛУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТI

ЕҚЫҰ-ның ШОЛУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТI

ЕҚЫҰ-ның ШОЛУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТI
ашық дереккөзі

Сейсенбiде Астана қаласында Қазақстанның Азаматтық Альянсы "ЕҚЫҰ шолу конференциясы: қорытындылар мен жаңа мiндеттер" атты тақырып дөңгелек үстел аясында жан-жақты тарқатылды.

Үкiметтiк емес ұйымдардың азаматтық сектор үшiн аса маңызды тетiк екенi айқындалды. Бұл жолы шетелдiк әрiстестермен пiкiр алмасып, тәжiрибе бөлiсудiң ұтымды сәтi туған-ды. Аталмыш конференцияның негiзгi тақырыбына тоқталған ҮЕҰ-дарды дамыту бағдарламасының директоры Андрей Емелин: "Бүгiндерi үкiметтiк емес ұйымдар мемлекетпен тығыз қарым-қатынаста. Десек те, шешiмiн таппаған сауалдар жетерлiк. Мәселен, ҮЕҰ-дарды растау немесе қаржылық ашықтық пен азаматтық қоғамның институттарының есеп беруге тиiстiлiгi әлi айқындалған жоқ", – дедi ол. Десе де, адам құқықтарын қорғайтын ұйымдардың бiртiндеп аяғынан тiк тұрып келе жатқанын байқауға болады. Мәселен, бұрындары Қызылорда облысындағы қоғамдық ұйымдар 15 миллион теңгеге әзер тапсырыс берсе, бүгiнде үкiметке беретiн тапсырыс көлемi 81 миллион теңгеге өскен. Қызылорда облыстық "Азаматтық Альянс" қауымдастығының төрайымы Дариға Ақмағанбетованың айтуынша, Үкiметтiк емес ұйымдар қоғамның белгiлi бiр ықпалды күшiне айналғанын көрсеттi. Екiншiден, тәжiрибе алмасу әрқашан керек. "Бiз өзiмiздiң жақсы жұмыстарымыздан мағлұмат бердiк. Олардан да үйренерiмiз көп", – дейдi Дариға Ақмағанбетова. Осы орайда ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Айгүл Соловьева: "Адам саудасы, мүгедектер құқы секiлдi көп мәселе болды. Мемлекеттiк емес ұйымдар осы мәселеге байланысты жасайтын қортындысын Саммитке ұсынады", – деп алдағы iс-жоспарларды бөлiстi.

Ақниет ОСПАНБАЙ