Жаңалықтар

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚҰРЫҚТАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

ашық дереккөзі

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚҰРЫҚТАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

Бас прокуратура қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртiптiң сақталуы үшiн қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында елеулi iс-шараларды кезең-кезеңiмен жүргiзiп келедi.

Атап айтқанда, атқарылған iс-шаралардың нәтижесiнде, осы жылдың 11 айының iшiнде ғана Қазақстанға 24 азамат экстрадиция арқылы жеткiзiлген. Олардың iшiнде 9-ы Украина, Грузия, Түркия, Испания және Швеция сияқты Еуропа мемлекеттерiнiң көмегiмен елге қайтарылды.

Мәселен, Н.Шакированы қасақана өлтiрген қылмыскер Келес Мамбетовты экстрадициялауға қатысты Бас прокуратураның сұрауы мен Испанияның мемлекеттiк соты оң шешiмiн шығарған.

Биылғы жылдың шiлдесiнде Түркия мемлекетi Қазақстанға лауазымын асыра пайдаланғаны үшiн айыпталған ҚР IIМ есiрткi бизнесiне қарсы күрес комитетi төрағасының бұрынғы орынбасары Асқар Исағалиевты керi қайтарды.

Сонымен бiрге тамыз айында Бас прокуратураның сұрауы бойынша Тбилиси қаласының соты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық жасау арқылы, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастырған В.Поклоновты Қазақстанға беру туралы шешiм қабылдады.

Швецияның құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында, қарақшылық шабуыл жасағаны үшiн iздеуде жүрген Қазақстанның тағы бiр азаматы А.Ырысметов экстрадициялау мақсатында қамауға алынды.

Тамыз айында Украинадан бiздiң елiмiзде қылмыс жасағаны үшiн iздеуде жүрген 5 қазақстандық азамат жеткiзiлдi.

Еуропа елдерiнiң аталған шешiмдердi қабылдауына, Бас прокуратураның осы елдердiң құзыреттi органдарымен өзара байланысты қалыптастыруға бағытталған белсендi жұмысы үлкен септiгiн тигiздi. Қылмыс жасаған қазақстандық азаматтарға қатысты экстрадиция процесiне Испания мен Швеция сияқты мемлекеттермен халықаралық келiсiмдердiң жоқтығы да кедергi бола алмады.

Қылмыстық қудалау саласындағы Еуропа елдерiмен орнатылған мұндай ынтымақтастықхалықаралық тәжiрибеге айналып келедi.

Бұл шешiмдер – халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн, адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететiн құқықтық негiздерi қалыптасқан мемлекет ретiнде, Қазақстанның құқық қорғау жүйесiне деген сенiмнiң көрсеткiшi болып табылады.