Жаңалықтар

КӨРШI ЕЛДЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕЛУI ҚИЫНДАП БАРАДЫ

ашық дереккөзі

КӨРШI ЕЛДЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕЛУI ҚИЫНДАП БАРАДЫ

Тәуелсiздiк алған жылдардан бастап мәселен,Үржар өлкесiне 2009 жылға дейiн 819 қандас ағайындарымыз өзге елден қоныс аударып көшiп келдi. Барлығы 3436 адам. Солардың iшiнде әсiресе, iргемiздегi Қытай елiнен 510 отбасы (2280 адам), Монғолиядан 304 отбасы (1134 адам), Өзбекстаннан 6 отбасы (17 жан), тағы басқа мемлекеттерден бiраз бар.

Келген ағайындарымызға үй-жай берiлiп, ауданның барлық елдi мекендерiне орналастырылды. Осы 2010 жылдың алты айында не кедергi болғанын кiм бiлсiн, бар жоғы 21 отбасы ғана көшiп келдi. Оның жиырмасы ҚХР-дан да, бiреуi Өзбекстаннан, қалғандары Моңғолиядан, ал басқа елдерден ешкiм жоқ.Қытайдан көшiп келу бiрден азайды.Себеп неден? Келген ағайындардың өз мамандықтарымен жұмысқа шыға алмауы – басты қиындық.

Бұл Қазақстанның барлық түкпiрiне ортақ. Олардың iшiнде мұғалiмдер де, дәрiгерлер де, жазушылар да, басқа да мамандық иелерi бар. Ал, арғыжақтан неге өте алмай жатыр? Мәселе сонда.

Бiрiншi себеп – ана тiлiмiздегi бiлiм беретiн мектептерi негiзiнен жабылып қалды. Баспасөз басылымдары азайды.Сонда бұл не отырыс? Қытайлану ма, не өзбектену ме?!

Қазiр мектептегi балалар саны туудың аздығынан жыл сайын азайып барады.

Туу көрсеткiшi қысқарғандықтан ауылдағы отбасылар да азая түсуде. Ендi бiзге көршi мемлекеттердегi қандас бауырларымызды көптеп көшiрiп алуға аянбай еңбек етуiмiз керек.Әйтпесе, ұлы даланы еңбекпен қамтамасыз ету үшiн болашақта келiмсектерге жол берiп жүрмейiк. Қытайдан келген ағайындардың сөзiне құлақ түрсек, Қытай жағы бұрыннан Қазақстанмен арада келiсiлген көшi-қон заңының жоқ екендiгiн алға тартып, қандастарымыздың атажұртқа оралуына және төлқұжат алу мәселесiне келгенде қиын кедергiлердi алдыға тартуда.Тiптi, Қазақстаннан шақырту алғанның өзiнде де оны хансу тiлiне аударудан бастап, қаншама кедергiлердi жүрiп өту керек. Мұны солжақта тұратын ағайындардың қалтасы көтере ме? Бұл бiр. Сондай-ақ, Шыңжаң жағы виза алудың өзiн қазiр қиындатып жiбердi. Айлап, жылдап жүрiп ағайындарымыз әзер алады.Әлде, сондағы басқа ұлт өкiлдерi қазақтар арқылы, өздерiнiң ассимиляцияға түсiпкетпей, аман қалуынойлай ма, кiм бiлсiн?!

Әрине, бiзеш ұлтқа жамандық ойламаймыз. Дегенмен, кезiнде шашылып қалған ұлтымыздың өз Отанына қайтып оралуына қаншалықты кедергi қойылғанына қынжыласың. Бiздегi "Нұрлы көш" бағдарламасы там-тұмдап әзеркелiп,қандас ағайындарымызға жан-жақты көмек көрсетiп, олардың өз мамандықтарымен еңбек етулерiне үлкен қолғабыс тигiзсе екен дейсiң. Екi мемлекет арасында көшi-қон келiсiмшарты жасалса, куәлiк пен төлқұжаталу жеңiлдетiлсе, көршi елдердегi миллиондаған қазақтардың қоныс аударуына көп жеңiлдiк болар едi-ау.

Осыдан бiрнеше жыл бұрын Қытайдан келгенбiр ағайын: "арғы бетте 60 мың отбасы кезекте тұр", – деп бiр қуандырып едi. Қазiр солалпыс мыңның алты мыңы да келген жоқ.Неге? Баяғы құжаттардың мәселесi, сонымен қатар"балаларың кәмелетке толған жоқ, мектебiн бiтiрген жоқ", – деген сылтаулар алдан шығатын көрiнедi. Одан Кедендегi бiтпейтiн тексерiстер де бар. Мiне,ағайынның ел-жұртына келуiне осылайшектеу қойып отырмыз. Бiз тек квота берiп мәз болып отырмай, алдымен көршi Қытай елiмен қалай да келiсiм-шартжасауымыз керек. Сонда ғана ондағы елiне қайта алмай, әрбiр мемлекеттiк босағаны тоздырып, зар илеп жүгiрiп жүрген қандас ағайындарға көмегiмiзтиер едi.

Дегенмен, ел қамын, мемлекеттiң күшеюiн ойлаған әрбiр отаншыл азамат билiктегiсi болсын, қатардағысы болсын қандас ағайындарымыздың келуiнiң осыншама азайып кетуiне көңiл аударып, ойлануытиiс-ау. Сосын осы елден тек қазақтардың ғана келуiн қамтамасыз етуiмiз керек.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi