БӘСЕКЕЛЕСТIКТI ҚОРҒАУ АГЕНТТIГI: ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН
БӘСЕКЕЛЕСТIКТI ҚОРҒАУ АГЕНТТIГI: ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН
Республиканың сауда-саттық нарығындағы бағаны тұрақты ұстап отыру экономикадағы басты мақсаттардың бiрi. Сондықтан Алматы және Алматы облысы бойынша бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң аймақтық инспекциясының соңғы үш тоқсан бойғы жұмыс нәтижелерi қорытындыланып отыр.
Агенттiктiң ұйымдастыру-құқықтық қамту бөлiмiнiң бастығы Еркiн Мағзымбековтың айтуынша, бәсекелестiкке қарсы заң бұзушылықтар аймақта жиi орын алып отырады. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан берi 23 тергеу жүргiзiлген. Жалпы, жыл бойындағы тергеу нәтижесi бойынша 31 субъектке қарсы әкiмшiлiк iс қозғалған. Олардың арасында өзара келiсiп бағаны көтерiп алған компаниялар, сондай-ақ жөн-жосықсыз бәсекелестiкке барған компаниялар да кездеседi. Аталған уақыт iшiнде тексеру жүргiзiлген компаниялар үстiнен 20 әкiмiшлiк iс қаралып, нәтижесiнде 36 022 28 теңге айыппұл салынған.
ТОО "Miga Group", "Alexnil-Oil", "РусКазойл" және "Контактойл" компаниялары өзара ауызша келiсiм арқылы жанармай құю бекеттерiндегi жанармай бағасын белгiленген сомадан жоғарылатып сатқан. Олар жаза ретiнде 5 039 235 теңгенi өтеуi тиiс. Сондай-ақ "Синойл" компаниясы жарты жыл бұрын жанармайды қолма-қол сатуды тiптен тыйған. Қолма-қол ақшаға сату мүмкiндiгi бола тұрып, талонмен ғана жанармай құйып отырған. Бұлар қазынаға 1 647 895 теңге шығын өтеуi керек.
Айта берсек, нарықтағы бағасын өсiрiп, тұтынушыларға бағаны көтерiп сатқан нарық делдалдары жетерлiк. Солардың бiрi – "Жетiсу Энерготрейд" компаниясы. Олар тұтынушыдан электр қуатының бағасын бiр ай бұрын төлеуiн талап еткен. Тiптi, толық соманы алдын ала беруi тиiс, болмаса жарық сөндiрiледi. Еркiн Мағзымбековтың айтуынша, мұндай жағдайлар өте көп кездеседi. Әсiресе нарықтағы үстемдiгiн асыра пайдаланушылық қаланы газбен қамтамасыз етуде жиi кездеседi екен.
Ұн өнiмдерiнiң нарықтағы бағасының жиi өзгеретiнi қарапайым халыққа жақсы таныс. Бiрақ көп жағдайда осы тектес қымбатшылықтар нарықтағы алыпсатарлардың арқасында жүзеге асады. ҚР Бәсекелестiкке қарсы агенттiгi нан және ұн өнiмдерi бағасының нелiктен қымбаттағанын анықтап отыр.
Расында, астықтың биыл да мол жиналғаны баршаға мәлiм. Iшкi тұтынуды толығымен қамтиды деуге болады. Сонда тамыз айындағы Тараз, Ақтау және Шымкент қалаларындағы нан бағасының қымбаттауына не жорық? Бұл iрi орталықтарда бiр бөлке нанның бағасы 5-7 теңгеге көтерiлген. Бәсекелестiктi қорғау агенттiктiң зерттеуiнде бағаның көтерiлуiне ешбiр себеп болмаған. Жергiлiктi нан өнiмдерiн өндiрушiлер өздерi бағаны көтерген. Бiрақ олардың қорларында бұрынғы бағамен сатып алынған ұн қоры да болған.
Ешбiр себепсiз бағаны көтеруге байланысты 121 субъектi тергеуге алынды. Мәселен, наубайхана, ұн тартатын және жарма өнiмдерiн әкелетiн, сондай-ақ өсiмдiк майы мен құс еттерiнiң бағасы қымбаттауы бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң назарын аударуда. Павлодар облысындағы 3 ұн тартушы және Жамбыл облысындағы 7 наубайхана кәсiпорындарының үстiнен әкiмшiлiк iс қозғалды. Ал Батыс Қазақстан облысындағы 2 ұн кәсiпорнына қатысты қылмыстық iс қозғалып отыр. Олар ҚР "Бәсекелестiк" туралы Заңымен жазаланады.
Ақниет ОСПАНБАЙ