Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың «Ана тiлi аруы»

ашық дереккөзі

ҚазҰУ-дың «Ана тiлi аруы»

Ең шұрайлы, ең бай, ең әдемi тiл — қазақ тiлiнiң рухын асқақтатқан үлкен бiр дода 24-қазан күнi М.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында арулардың бақ сынасуымен жанданды. "Ана тiлi аруы" атануға әуелгi 700 қыздың iшiнен бағы жанған 14 ару сынға түскен қорытынды сайыс қызықты да, тартысты өттi.

Арулармен өткiзген бiр айдың белестерiн көрермендер бейнефильмнен тамашалады. Ұлттық тағамдар жәрмеңкесiн ұйымдастырған арулар түскен қаржыны қайырымдылық шараға жұмсап, жетiм балалар үйiне барып қайтқан. Жаңа маусымда Ғ.Мүсiрепов атындағы жастар мен балалар театры қыздарды "Тұншыққан сезiм" атты қойылымымен қарсы алды.

"Таныстыру", Ана тiлдiң керемет көркемдiк ерекшелiгiн көрсететiн "Поэзиялық композиция жасау", "Сән үлгiлерiн көрсету", қазақ халқының тарихынан орын алатын аналарымыз өмiрiнен құралған "Сұрақ-жауап", "Өнерiм-өмiрiм" атты бес номинация бойынша сынға түскен арулар осал емес екен. Он төрт факультеттiң намысын қорғаған қыздардың өнерiн "Ана тiлi" газетi бас редакторының 1-шi орынбасары Нұрперзент Домбай, ақын Бекжан Әшiрбаев, "Атамұра" баспасының жетекшi қызметкерi Серiк Қалиев, әншi Роза Әлқожа, журналист Гүлнұр Омарханқызы, "Жас Отан" жастар кеңесiнiң атқарушы хатшысы Айбек Қойшығарин, 2009 жылғы "Ана тiлi аруы" Сандуғаш Қартаева әдiл бағалап, қазылық танытты.

Қазақ халқы iңгәлап өмiрге келген сәбиiн әнмен әлдилеп, жырмен жұбатып, өлеңмен өсiредi. Талбесiгiн әлдилеп тербетедi. Сондықтан өрендерi өнерлi боп өсетiнi заңдылық. ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы және тiлдердi дамыту департаментiнiң ұйымдастыруымен өткен шарада осы санқырлылықты аруларымыз көрсете алды. Домбырамен айтысып журналистика факультетiнiң намысын қорғаған қыздарымыз сөзге шешен, бишi ғана емес, таэквондоны еркiн меңгерген қайсар екендiгiн танытса, географтардың туын желбiреткен аруымыз болашақ дизайнер, ендi бiреулерi сөздiң майын тамызатын ақын, "Мәңгiлiк бала бейне" шығармасынан монолог оқыған тарихшы аруымыз болашақ театр әртiсi, ендi бiреулерi үлкен суретшi екендiктерiн дәлелдедi.

Сұлудан сұлу оза отырып, жарысқа түскен бәйгеде филология факультетiнiң 1- шi курс студентi Әйгерiм Әшiрәлi "Ана тiлi аруы" атанып, республикалық байқауға ҚазҰУ-дың намысын қорғауға жолдама алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

студенттiк баспасөз орталығы