Жаңалықтар

АҚШАНЫ АЛТЫНМЕН САҚТАҒАН ЖӨН

ашық дереккөзі

АҚШАНЫ АЛТЫНМЕН САҚТАҒАН ЖӨН

Жақында FOREX CLUB ақпаратты-сараптамалық орталығында «Қазақстанда қаражатты қалай сақтау керек?» деген тақырыпта баспасөз-конференциясы өттi. Онда 2011 жылдың жазына дейiн ақшаны алтынмен, валюта, депозит немесе жылжымайтын мүлiкте сақтау қажеттiгi жайында айтылды.

Орталықтың Украина жөнiндегi жетекшiсi Николай Ивченко елiмiзде талдамалы зерттеу жүргiзген. Алдағы жартыжылдықта қаражатты неге инвестициялау керектiгiн анықтау үшiн елiмiздiң қаржы нарығына бақылау жасаған.

Баспасөз-конференциясы барысында сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының даму барысын талқылады. Сонымен қатар қаражатты сақтауда бiрнеше сiлтемелер жасады. Сонымен қазiргi таңда қолда бар қаржыны ұқыпты сақтаудың ең тиiмдi жолы – алтынға салу. Байлықты алтынмен сақтау қашанда тиiмдi болып келген. Сарапшылардың пайымдауынша, 2011 жылдың жазына дейiн қаржыны ұлттық валюта, евро және алтынмен сақтаған әлдеқайда қолайлы болмақ.

Ақниет ОСПАНБАЙ