Жаңалықтар

"ҚАЗАҚША БIЛЕСIҢ БЕ? ДОСЫҢА ҮЙРЕТ!"

ашық дереккөзі

"ҚАЗАҚША БIЛЕСIҢ БЕ? ДОСЫҢА ҮЙРЕТ!"

Осы аттас байқау Астанадағы Қазақстан-Ресей университетiнде бастау алды. Қазақ тiлiн үйрету мақсатында қолға алынып отырған байқау "Жас Отан" Жастар қанатының "Қазақша сөйлесейiк!" акциясы аясында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, бұл байқауды ұйымдастыруға Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қоры мен "ҚазТЕСТ" ұлттық тестiлеу отралығы атсалысуда.

Байқаудың негiзгi мақсаты қазақ тiлiн үйренем деушiлердi ынталандыру, соларға жәрдем жасау. Осы тұрғыда Мемлекеттiк тiлдi үйрету Президенттiк қорының директоры Азат Шәуеев: "Байқау нәтижесi қазақ тiлiн үйрену қиын деген қоғамдық пiкiрдi жоққа шығармақ", – дедi. Негiзiнен, тiл үйренушiлер байқауының шарты өте жеңiл. Студенттер арасынан өз еркiмен тiл үйретушi және тiл үйренушi жастар суырылып шығып, екi айдың жүзiнде қазақша сөйлеп шығуы керек. Яғни, тiл үйретушi өзiнiң досын қазақша сөйлетедi. Бұл байқауға астанамыздағы басқа да университет студенттерi қатыса алады.

– Тiл үйренуде әрқашан алғашқы қадам жасалуы керек. Елiмiздiң қазақ тiлдi өзге де азаматтары осы бастамамызды одан әрi жалғастырып, өз досына, әрiптесiне, көршiсiне ауызекi қазақ тiлiн үйретуге кiрiседi деген сенiмдемiз, – дедi А.Шәуеев.

Байқау қорытындысын шығару үшiн "Қазқтест" орталығы арқылы тестiлеу жүредi. Осылайша жеңiмпаз анықталып, "Beeline" сауда белгiсi және "Картел" ЖШС-нiң бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

"Түркiстан-ақпарат"