Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ӘЗIР

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ӘЗIР

Бүкiләлемдiк рухани мәдениет форумы аясында жекелеген қайраткерлермен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Солардың бiрi "Rixos" қонақ үйiнiң мәжiлiс залында өткен "Двери в Голливуд" компаниясының бас директоры, продюсер Боб Ван Ронкель және танымал боксшы Константин Цзюдан қазақ көрермендерi сауалға жауап алды.

Қазақ баспасөз өкiлдерiн қызықтырған сұрақтардың денi Боратқа байланысты болды. Рухани мәдениеттi дамыту форумына келiп отырғандықтан, Қазақстан туралы фильмнен қалыптасқан пiкiрiңiз өзгерген болар деген сауалға Боб Ронкельдiң таңғалғаны анық аңғарылды. Ронкель мырзаның айтуынша, әлем елдерiнiң бiрде-бiрi бұл фильмге сенбейтiн болса керек. "Шыны айту керек, Қазақстанға келген сапарымда "Борат" фильмiне қарсы фильм түсiрудi ойлап та қойған едiм. Және бiр айта кететiн жайт, қазiр бүкiл әлем Қазақстанның Бораттағыдай емес екенiне көзi жетедi. Егер нағыз кiрiсетiн iс болса, бұл бағыттағы жұмысқа белсене араласуға дайынбыз", – дедi Боб Ван Ронкель.

Ал атақты боксшы Константин Цзю бокс рингiнен кету туралы ресми мәлiмедемегенiн анық айтты. "Егер де лайықты қарсылас шығып жатса, спорттық қалпыма келу үшiн 6 ай жеткiлiктi", – дедi К.Цзю. Ол Қазақстаннан бокс мектебiн құру туралы ойын жүзеге асырмақшы. Тiптi, осы сапар барысында серiктес болатын адамдарды да iздестiрiп жүрсе керек.

"Түркiстан-ақпарат"