АЛДА – БРЮССЕЛЬ БАҒЫТЫ
АЛДА – БРЮССЕЛЬ БАҒЫТЫ
Алдағы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Бельгияға аттанбақшы. Бұл сапар барысында Елбасы корольдықтың ресми өкiлдерiмен кездесудi жоспарлап отыр.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Ильяс Омаров Елбасының Брюссельдегi негiзгi кездесулерiн атап көрсеттi. Елбасы Еурокеңестiң штаб-пәтерiн, Еурокомиссия, Еуропарламент және НАТО ұйымдарының басшылығымен екiжақты кездесулер өткiзедi. Бұл басшылықтармен келiссөздерде Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастары талқыланады. Сондай-ақ, Еуроодақ институттарымен бiрлесе жұмыс iстеу мәселелерi қарастырылмақшы. Министрлiктiң мәлiмдеуiнше, саясат, экономика және әлеуметтiк тақырыптарда пiкiр алмасу болады деп жоспарлануда.
Бұл ресми кездесу аясында Еуропа елдерi мен Қазақстан iскерлерiне арналған экономикалық көрме болады.
Елiмiздiң сыртқы саясатында маңызды делiнген кезектi кездесу 22-23 қазанда Қазақстанға сапар барысында басталады. Қазақстан министрлiктерiмен кездесуде сауда-экономикалық мемлекетаралық мәселелердi орындау мақсатында Иранның сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Сейед Боргаи келмекшi.
"Түркiстан-ақпарат"