Жаңалықтар

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ АТАТЕГI ТУРАЛЫ КIТАП

ашық дереккөзі

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ АТАТЕГI ТУРАЛЫ КIТАП

Жақында Мұхтар Әуезовтың мұражай үйiнде белгiлi дiнтанушы Сейiтомар Саттаровтың "Мұхтар Әуезовтың ататегi" атты кiтабының тұсаукесерi өттi. Аталған шараға шейх, Қазақстан Мұсылмандар дiни басқармасының Бас мүфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлi, әдебиетшi-ғалым Мекемтас Мырзахметов, Мақаш Тәтiмов, Мамытбек Қалдыбаев, Есберген Алауханов, Құдияр Бiләл, Досай Кенжетай және т.т. қатысып, кiтаптың ұрпаққа берер ұлағаты туралы пiкiрлерiн бiлдiрдi.

Қазақстанға алғаш ислам дiнiн тарата келген қожалардың шежiресi туралы жақсы зерттелген деректер көп. Соларға сүйене отырып, Сейiтомар Саттаров халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың ататегiнiң Әзiрет Әлiге барып тiрелетiнiн дәлелдеп шыққан.

"Мұхтар Әуезовтың ататегi" атты кiтапта Әзiрет Әлiнiң жеке образына үлкен мән берген. Оның қайсар қолбасшы, қайраткерлiгiнен мол мағлұмат алуға болады. Сондай-ақ, кiтапта Мұхтар Әуезовтың ата-бабалары Ысқақ баб, Бақсайыс әулие, одан бергi Әбдi, Бердi, Әуез, Омархан туралы жақсы ашылып жазылады.

Омарханның Мұхтар Әуезовтың әкесi екенiн барлығы жақсы бiлгенмен, оның кiсiлiк келбетi қандай болғанын көпшiлiк бiле бермейдi. Мiне, кiтапта Омарханның тұрмыстық, адамгершiлiк, қоғамдық бейнесi кеңiнен ашылды.

Кiтап "Жiбек жолы" баспасынан Мұхтар Әуезов қорының қолдауымен жарыққа шықты.

Майра АЛДАБЕРГЕНОВА