ҰСТАЗДЫҚ – КИЕЛI МАМАНДЫҚ
ҰСТАЗДЫҚ – КИЕЛI МАМАНДЫҚ
Мұғалiмдер күнi мерекесi 1966 жылғы қазанның 5-де Парижде өткен ұстаздардың дәрежесi жөнiндегi Арнайы үкiметаралық конференцияда бекiтiлген болатын. Қазақстанда бұл атаулы күн қазан айының бiрiншi жексенбiсiнде дәстүрлi түрде мерекеленiп келедi. Осы айтулы мереке қарсаңында "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының (ХДП) елiмiздiң жер-жерiндегi өкiлдiктерi мұғалiмдердiң елеулi еңбегiн ескерiп, арнайы сый-сияпат көрсеттi.
"Нұр Отан" ХДП-ның Алматы қалалық филиалы да мұғалiмдердiң кәсiби күнiне орай бiлiм беру саласында табанды түрде тапжылмай еңбек етiп жүрген бiрқатар ұстаздарды салтанатты түрде марапаттады. Мұғалiмдердi кәсiби мерекесiмен құттықтаған "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Амангелдi Кәрiмоллин: "Ұстаздық – киелi мамандық. Өзiм әлi күнге сабақ берген мұғалiмдерiмдi жатқа бiлемiн. Сiздердiң еңбектерiңiз елiмiздiң жарқын болашағын қалыптастырады. Осындай қасиеттi еңбектерiңiздi әрi қарай табысты жалғастыра берулерiңiзге тiлектеспiн", – дедi. Сондай-ақ, ол орта және кәсiптiк мектеп пен колледждердiң бiрқатар мұғалiмдерiне шын жүректен iзгi ниетiн бiлдiре келе, арнайы "Құрмет" граматосы, алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс еттi.
Ұстаз – мектептiң тiрегi. Ұстаз – қоғамның дамуына үлес қосатын бiрден-бiр тұлға. Бүгiнде Алматы қаласында 531 бiлiм ошақтары, оның iшiнде 181 мемлекеттiк орта бiлiм беретiн мектептер қызмет етiп келедi. Осы бiлiм шаңырақтарында 22 мыңнан астам педагог-мамандар болашақтың бiлiмдi иелерiн тәрбиелеуде.
"Нұр Отан" ХДП-ның Алматы қалалық филиалының "Құрмет" граматосымен марапатталған Мүсiлiм Базарбаев атындағы №138 гимназияның директоры Елеманова Әлия Сейдекәрiмқызының қуанышында шек жоқ. Бiлiм беру iсiнде талайдан берi бiлiктi ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан тәжiрибелi ұстаз мерекелiк көңiл-күйiн жасырған жоқ. "Нұр Отан" ХДП-ның Алматы қалалық филиалы мұғалiмдердi кәсiби мерекесiмен құттықтап, марапаттап жатыр. Бүгiнде партия мұғалiмдерге үлкен қолдау көрсетiп келедi. Бұл – ұстаз қауымының еңбегiнiң еленгенi деуге болады. Өйткенi, ұстаздың бiлiм саласында, қоғамдық саяси өмiрде қосып жатқан үлесi мол", – дейдi №138 гимназияның директоры Әлия Сейдекәрiмқызы жүрекжарды қуанышын жеткiзiп.
Динара ДҮРМӘН