Жаңалықтар

МАРАТ ТӘЖИН СОЧИДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДI

ашық дереккөзі

МАРАТ ТӘЖИН СОЧИДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДI

Ресейдiң Сочи қаласында қауiпсiздiк саласына жауапты мамандардың халықаралық кездесуi болып өттi. Қауiпсiздiк сала мамандарының халықаралық басқосуына елу елдiң өкiлдерi қатысты.

Кездесу кезiнде лаңкестiк, заңсыз көшi-қон, есiрткi саудасы, заңсыз қару-жарақ айналымы, аймақтық және ақпараттық қауiпсiздiкке қатысты проблемалар талқыланды. Отырыста төтенше жағдайдың алдын алу және оның зардаптарын жою, трансшекаралық қылмыстарға қарсы тұрудың жолдары да сөз етiлдi. Сонымен қатар лаңкестiкке қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ саудасына тосқауыл қою және заңсыз мигранттармен күрес мәселесi де мәртебелi қонақтардың назарынан тыс қалған жоқ.

Жиынға Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы Марат Тажин қатысып, табиғи және техногендi апат мәселелерi бойынша баяндама жасады.

"Түркiстан-ақпарат"