Жаңалықтар

ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

ашық дереккөзі

ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

"Астана" журналының редакциясы Алматы ауданының жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмiнiң көмегiмен "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Қарттар күнiне орай мерекелiк шара өткiздi.

"Күнделiктi күйбең тiрлiкпен бiз қарттарымызды қамқорсыз, назарсыз қалдырамыз. Шараның мақсаты – қарттарға бiр сәт болса да қуаныш сыйлау, астаналықтардың назарын аударту" – дедi Алматы ауданы әкiмдiгiнiң әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмiнiң меңгерушiсi Айгүл Шалғымбаева.

Келген қарияларға "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының өкiлi Ольга Кабанюк экскурсия өткiздi. Қонақтар ғимараттың алыптығына таңғалып, мұндай кереметтi бұрын-соңды көрмегендерiн айтты. Оларға арналып "Fish market" мейрамханасында түстiк берiлдi, жас дәурен шақтарындағы әуендер қойылды. "Хан Шатырда" орналасқан "Nomad-Art" фирмасы сыйлықтар, ал "Астықжан" сауда жүйесi азық-түлiк салынған себеттер тарту еттi.

“Түркiстан ақпарат”