Жаңалықтар

АҚСУДЫҢ ҚЫСҚЫ АЗЫҒЫ ТҮГЕЛ

ашық дереккөзі

АҚСУДЫҢ ҚЫСҚЫ АЗЫҒЫ ТҮГЕЛ

Алматы облысы Ақсу ауданының су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш, Ақтоған, Егiнсу ауылдарының тұрғындарына күзгi өнiмдердi үлестiрiп беру жұмысы аяқталды.

Су тасқыны салдарын жою және қалпына келтiру жұмыстары жөнiндегi штабтың алғашқы отырыстарында облыс әкiмi Серiк Әбiкенұлы Үмбетов жаңа үйлерге көшкеннен кейiн зардап шеккен адамдардың төрт түлiк малмен және қысқы мерзiмге қажеттi дәндi-дақылдармен қамтамасыз етiлуiн қарастыруды тапсырған болатын. "Бұл мақсатта бiз өз күшiмiзбен Қапал өңiрiнен 1800 га жерге көктемгi егiн егу жұмыстарын жүргiзiп, күзде жиналған өнiмдi ауыл тұрғындарына бiрдей таратып беретiн боламыз", – деп атап көрсеткен едi облыс әкiмi.

Көктемнiң алғашқы айларында жергiлiктi тұрғындар үшiн себiлген бидай мен арпа ысырапсыз қамбаға құйылды. Бұл жұмыстарға 13 ауыл шаруашылық техникасы мен 27 адам жұмылдырылып, жалпы көлемi 1025 тонна астық жинап алынды (әр гектарға 5,7 центнерден).

Сөйтiп, Қызылағаш, Ақтоған және Егiнсу ауылдарының (645 отбасы немесе 3157 адам) әрбiр тұрғынына 190 келiден 600 тонна астық тең бөлiнiп берiлдi.

Сағыныш НАМАЗШАМОВА