Жаңалықтар

ОРЫСША ОҚУШЫЛАР

ашық дереккөзі

ОРЫСША ОҚУШЫЛАР

… "Балам" деген жұрт болмаса, "Жұртым" дейтiн бала қайдан шықсын? "Балам" деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейiн "Жұртым" деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық мiндетiн атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы. Егерде осы күнгi орысша оқығандардың арасынан "Жұртым" деп шығып жатса, жұрттың өткiзген төлеуi үшiн емес, адамшылық борышты басынан атқару үшiн. Мойындағы борышты бiлу – бiлiм iсi, борышты төлеу – адамшылық iсi. Бiлiм мен адамшылық екi басқа нәрсе, бiрақ борышын бiлушiлер көбейсе, төлеушiлер де көбеюi ықтыимал.

Ахмет Байтұрсынов,

"Қазақ" газетi, 1913 ж.