«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» АБЫРОЙЫ АРТТЫ
«ЭЙР АСТАНАНЫҢ» АБЫРОЙЫ АРТТЫ
"Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушы компаниясы – "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры мен ағылшындық "BAE Systems" компаниясының бiрлескен компаниясы. Бүгiнде әуе компаниясының әуепаркiнде В-767-300, В-757-200, А-321, А-320, А-319 және Ғ-50 ұшақтары бар. Келесi жылдан бастап әуекомпаниясы "Эмбраер-190" ұшағын операциялық лизингке алуды көздейдi.
Елiмiздегi үздiк ұлттық әуекомпаниясы тағы да үздiктер қатарынан көрiндi. Бұл жолы ұлттық тасымалдаушы компания 2010 жылғы аудитiн жүзеге асырғаннан кейiн халықаралық Standart & Poor^s агенттiгi Қазақстан Республикасының әуе тасымалдауышының Gamma корпоративтiк басқару рейтингiн 6 балға көтердi. Gamma рейтингiсi – корпоративтiк басқару практикасының артықшылықтары мен кемшiлiктерi жөнiндегi Standart & Poor^s агенттiгiнiң пiкiрiн бiлдiретiн көрсеткiш. Бағалау әдiсi корпоративтiк басқарудың ең үздiк тәжiрибесiне қатысты ұстанымдар мен халықаралық кодекстерге негiзделедi.
Бiр айта кетерлiгi, былтыр «Эйр Астананың» бұл көрсеткiшi 5+ деген балдық деңгейде бағаланған екен. Бүгiнгi күнi халықаралық агенттiктiң берген аталмыш бағасы Қазақстанда ең жоғарғы болып отыр. Мұндай рейтингтiк көрсеткiштi тек акциялары халықаралық қор нарығында бағаланатын Қазақстанның мұнай шығаратын компанияларының бiрi иеленген екен. "2009 жылғы осы көрсеткiшпен салыстырғанда "Эйр Астана" АҚ рейтингiсiнiң жақсаруы әуе компаниясын басқару тиiмдiлiгiн, оның тұрақты дамуын, ашықтығы және стейкхолдерлер алдында жауапкершiлiгiн дәлелдеп отыр. 2008-2009 жылдардағы ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарамастан "Эйр Астана" әуекомпаниясы өз қаржылық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық жоспарға сәйкес жұмыс жасап келедi. Әуе көлiгiнiң халықаралық қауымдастығы компаниямызды әлемдегi ең жылдам дамып келе жатқан әуетасымалдаушысы деп атағаны және Skytrax 2010 world Airline Awards жыл сайынғы жүлдесiнде Шығыс Еуропаның үздiк әуе компаниясының бiрi болғандығы қызметтер сапасының қауiпсiздiк стандарттарға дейiн және тағы бiрталай көрсеткiштер бойынша ТМД аумағында көшбасшы болған "Эйр Астана" қызметiне лайықты баға деп ойлаймын", – дейдi "Эйр Астана" әуекомпаниясының президентi Фостер мырза.
Ә.БАҚЫТҚЫЗЫ