Жаңалықтар

ДӘСТҮРЛI ЕСКЕ АЛУ

ашық дереккөзі

ДӘСТҮРЛI ЕСКЕ АЛУ

Мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмiрден өткен күнiне орай Алматыда дәстүрлi еске алу шаралары болды. Таңертең Кеңсайдағы зиратының басына барғандар дұға бағыштады. Тал түсте қаладағы ескерткiшiнiң алдына көпшiлiк қауым жиналып, гүл шоқтарын қойды. Саз әуенiмен бiр минут үнсiз тұрып, тағзым еттi.

Қонаев атындағы мұражайда "Елу жыл ел ағасы" атпен экскурсия жасалып, кiтаптар көрмесi ұйымдастырылды. Онда Дiнмұхамед Қонаевтың өз кiтаптары мен сол туралы жазылған басылымдар қойылған. Соңынан кемеңгер басшының Алакөл ауданында өткен атақты темiржол инженерi, Алаш арыстарының бiрi – Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 115 жыл толу мерекесiне қатысып, ол туралы мағыналы сөз сөйлеген. Бұл кемеңгердiң қалың қауым алдында соңғы рет сөйлеген сөзi едi. Мұражайға келгендер қызыға тыңдады.

«Түркiстан-ақпарат»