ҰСТАЗДАР ДА ФОРМА КИМЕКШI
ҰСТАЗДАР ДА ФОРМА КИМЕКШI
Биылғы жаңа оқу жылында мектеп мұғалiмдерi де арнайы форма кимекшi. Қазақстан Бiлiм және ғылым министрлiгi бiлiм мекемелерiнде бiрыңғай киiммен жүрудi үрдiске айналдыруды да жоспарлап отыр. Аталмыш бастамаға байланысты елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен өз ұсыныстары мен көзқарастарын бiлдiрген ұстаздар қауымы мен қарапайым көпшiлiк бүгiнгi күнi қызу пiкiрталасқа кiрiсiп кеттi.
Министрлiктiң мәлiметi бойынша, осыған дейiн Қызылорда облысындағы мектептердiң 1122 мұғалiмiне арнайы бiрыңғай киiм тiктiрiлiп те қойылған көрiнедi. Бiрыңғай киiм тұтынушыларға 15000 теңгеге түскен. Бүгiнде игi бастама жергiлiктi бюджет тарапынан қолдау тауып, аудандар қаражат шығынын өз мойындарына алған.
— Осы жылы бiз ұстаздардың киiм үлгiлерiн назарымызға алып отырмыз. Мұнда мәжбүрлеу жоқ. Тек осы мамандық иелерiнiң үндеулерiне құлақ асып, қолымыздан келер көмегiмiздi бермекшiмiз, — дейдi Бiлiм министрлiгiнiң мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру департаментiнiң директоры Нұрғали Аршабеков.
Осы ретте алматылық мұғалiмдерге сан түрлi киiм үлгiлерiн ұсынып отырғанын айта кетелiк. Олар – классикалық үлгiдегi костюмдер мен белдемшелер. Сондай-ақ, ұлттық ою-өрнектерiмiздi пайдаланып алуан түрлi түстердi үйлестiрiп, озық үлгiдегi бұйымдар жасауға болатынын көрсеттi.Ал, әйелдер қауымына шалбар түрiндегi форма қарастырылмаған көрiнедi.
Алайда, атыраулық гимназия мектеп мұғалiмдерiнiң киiм үлгiсiн таңдауына мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру департаментi тарапынан келiспеушiлiктер мен құптамаған пiкiрлер айтылған. Ұстаздар қызыл жейдеге тура сол түстi белдемше және ақ түстi костюм киюдi дұрыс деп санайтынын жеткiзген екен.
Бұған өз көзқарасын бiлдiрген Нұрғали Аршабеков: — Менiң ойымша осы тұста киiмнiң түсi дұрыс таңдалмаған сияқты. Бiрiншiден, ашық, жарқыраған түстерден қашқан дұрыс,себебi, жарқыраған киiм байсалды салиқалы мамандықтың салмағына дұрыс келмейдi, — деп түйiндейдi өз ойын.
Алдағы уақытта әр мектеп ұжымы өз талғамына сай ұстаздары мен оқушыларына киiм үлгiсiн өздерi таңдайды. Ең бастысы, былтырғы Астана қаласындағы мектептiң келеңсiз оқиғасы қайталанбаса болғаны. Онда мұғалiмдерге мектеп басшылығы 13000 теңге тұратын форманы күштеп өз қаражаттарына алдырған. Мұғалiмдердiң бiр тобы сатып алып, келесi бiр келiспейтiн тобы Астана әкiмiнiң сайтына хат жолдап, сапасыз киiмдi алмаса басшылықты жұмыстан шығарамыз деп бопсалағандарын айтқан. Нәтижесiнде бастама аяқсыз қалған едi.
Гүлжанат ПIРIМБЕТ