Жаңалықтар

НҰРТАЙ ӘБIҚАЕВТЫҢ ҚАЙТА ОРАЛУЫ

ашық дереккөзі

НҰРТАЙ ӘБIҚАЕВТЫҢ ҚАЙТА ОРАЛУЫ

Бұған дейiн сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары қызметiн атқарған Нұртай Әбiқаев дүйесенбi күнi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағалығына тағайындалды. Осы қызметтi атқарып келген Әдiл Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметiнен босатылған.

Президент Әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа төрағаны таныстыру кезiнде былай дедi: "Оны бәрiңiз де танисыздар, көп уақыт бiрге жұмыс iстедiңiздер. Мемлекет Президентi қай қызметке тағайындаса да, Нұртай Әбiқайұлы өзiне артылған зор сенiмдi ақтай бiлдi. Елбасы ендi ол бұл қызметте де өзiне көрсетiлген сенiмдi ақтап, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң алдына қойылған барлық мiндеттердi ойдағыдай жүзеге асырады деген сенiм бiлдiрiп отыр".

Нұртай Әбiқаев әр жылдары Президент Әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi, Сенат төрағасы, Қазақстанның Ресейдегi Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi қызметтерiн атқарған.

Ал 1998-1999 жылдары ол ҰҚК төрағасы болған едi. Ендi 11 жылдан соң жауапты да жоғары лауазымды қызметке қайта тағайындалып отыр.

"Түркiстан-ақпарат"