Жаңалықтар

РЕСЕЙ АСТЫҚ ЭКСПОРТЫН ҚЫСҚАРТЫП ОТЫР

ашық дереккөзі

РЕСЕЙ АСТЫҚ ЭКСПОРТЫН ҚЫСҚАРТЫП ОТЫР

Дүниежүзiлiк банк астық экспорттаушы елдердi бидай тасымалын тоқтатпауға шақырды. Әсiресе, астық экспорттаудан үшiншi орынды иеленетiн Ресейдiң эмбарго енгiзбеуiн айтып отыр. Мұндай жағдай орын алса, дүниежүзiндегi азық-түлiк дағдарысына әкелуi әбден мүмкiн дейдi сарапшылар.

Биыл қуаңшылықтан зардап шеккен Ресейдiң мұндай қадамға баруы ықтимал. Яғни астық экспортын азайтса, нарықта бидай бағасының көтерiлуi анық нәрсе. Бұған дейiн құрғақшылыққа байланысты Ресейдiң 18 аймағында төтенше жағдай жарияланғаны белгiлi. Сондықтан тамыздың 15-iнен бастап бидай, арпа, қара бидай, жүгерi және ұн экспортына тыйым салынды. Бұл мәлiмдемеден кейiн бидай бағасы бiрден 12 пайызға көтерiлген. Сонымен қатар бағаның өршуiне Қытай, Үндiстан және Пәкiстандағы су тасқындары да өз әсерiн тигiзбей қоймады. Құрғақшылық құлаққа iлiнiсiмен бидай бағасы 68 пайызға көтерiлiп отыр.

Осы орайда Украина да астық тасымалын кешiктiргенiн айта кеткен жөн. Ал Украина мен Қазақстаннан бидай алатын Мысыр бұл сауданы әзiрге тоқтатып қойды.

Ақниет ОСПАНБАЙ