Жаңалықтар

ХАҚ ҮКIМI

ашық дереккөзі

ХАҚ ҮКIМI

"Ей, иман еткендер! Сендерге тахуалыққа жетуде бұрынғыларға парыз етiлгенiндей ораза парыз етiлдi" (Бақара сүресi, 183 аят)

"Ол рамазан айы, адамдарға тура жолды көрсететiн, ап-анық тура жол дәлелдерiне ие және ақиқат пен қатенiң арасын ажыратқан Құран сол айда түсiрiлген.

Бұл айға кiм жетсе, ол ораза тұтсын. Бұл айда ауырған немесе сапарда болған адам тұта алмаған күндерiн басқа күндерi өтесiн. Алла сендер үшiн оңайлықты қалайды, қиындықты қаламайды. Қиындық шекпестен ораза күндерiңдi аяқтаңдар, сендердi тура жолға жеткiзгендiгi үшiн Аллаға тәкбiр айтып, тағзым ет.

Осылайша Оның нығметтерiне шүкiршiлiк еткен боласыңдар" (Бақара сүресi, 185 аят)

ПАЙҒАМБАР ДАНАЛЫҒЫ

"Аузы берiк адам iшiп-жеуiн тек менiң ризалығым үшiн доғарады. Ораза – Менi мен құлымның арасындағы риясыз ғибадат. Оған берiлетiн сый-сауапты Мен ғана өлшеп, Мен беремiн"

"Рамазанның алғашқы түнiнде жұмақтың есiктерi ашылады. Әр түнi азанға дейiн бiр дауыс келедi: "Күнәларының кешiрiлуi үшiн кешiрiм тiлейтiн адам жоқ па? Тәубеге келушi жоқ па? Алла тәубесiн қабыл етсiн. Дұға етушi жоқ па? Оған жауап берiлсiн. Өзi үшiн бiр нәрсе тiлеушi жоқ па? Тiлегi дереу орындалсын".

"Рамазан айы келгенде, жәннаттың есiктерi айқара ашылып, тозақтың есiктерi жабылады, шайтандар кiсенделедi".

"Үш адамның дұғасы кейiн қайтарылмайды: Әдiлдiкпен үкiм берушi басшы, ауыз ашқанға дейiн ораза тұтқан адам және зұлымдық көрушi".

"Кiмде-кiм жалған сөйлеуiн қоймаса, жағымсыз қылықтарынан тыйылмаса, Алла Тағала ондай адамның ауыз бекiткенiне мұқтаж емес".

Дайындаған Ақмарал Сатыбалды