Жаңалықтар

АЛМАТЫЛЫҚТАР ДА АСТАНА КҮНIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ашық дереккөзі

АЛМАТЫЛЫҚТАР ДА АСТАНА КҮНIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Биылғы жаздың ерекше атап өтер жақсы жаңалықтарының бiрi – Астана күнi. Алғашқы мүшелiне аяқ басқан бұл мерекенi республика көлемiнде атап өткен халықтың мерекелiк көңiл-күйiнiң аптығы әлi басыла қойған жоқ. "Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекшi, бұл көңiлдi думанның да дақпырты әлi талай күндерге азық болары сөзсiз.

Алматылықтар да мұндай мерекелiк шарадан тыс қала алмайтынын, белсене ат салысқанын күнделiктi ақпарат құралдарынан да, көзiмiзбен де көрiп отырмыз. Әсiресе, қаладағы ауданаралық өткен бұндай шаралардың бiрi – Бостандық ауданының мерекелiк iс-шарасына атап өтуге тұрарлық.

6 шiлде күнi таңертеңгi сағат 11-де "Мега" ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда басталған басталып, ауданның шығармашылық ұжымдары мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының үлкен концертiне ұласты. Жиынға қатысқан жастар арасында әртүрлi ұлттық спорт түрлерiнен сайыстар өтiп, аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған сауда жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ауданның құрметтi азаматтары мен зиялы қауым өкiлдерi қатысқан салтанатты жиында аудан әкiмi Зәуреш Аманжолова ханым көпшiлiктi Астана күнi мерекесiмен құттықтады. Ол аудан тұрғындарының жақсы көңiл-күйiн қалыптастыру мақсатындағы мұндай iс-шаралар барлық саябақтар мен алаңдарда, сондай-ақ мерекелiк безендiрiлген көшелерде алаңсыз демалуына жағдай жасалғанын айта келiп, бiр мүшелге аяқ басқан Астана болашағын жасауға қуанышты екенi, сол болашақ игiлiгi үшiн бiр кiсiдей атсалысуға шақырды.

"Түркiстан-ақпарат"