Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ТУЫН КӨТЕРДI

ашық дереккөзі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ТУЫН КӨТЕРДI

Жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық математикалық олимпиада биыл Елордада өтедi. Шiлденiң 6-17 жұлдызына келетiн белдi сайысқа дүниежүзiнiң 102 мемелкетiнен командалар тiркелген.

Олимпиадаға барлығы 1200 оқушы қатысады деп күтiлуде. Зерделi де есепке жүйрiк оқушылармен қатар елiмiзге бақылаушылар, математика саласының ғалымдары, сондай-ақ өткен жылғы жеңiмпаздар мен жүлдегерлер де келедi.

Математикалық сайыс Қазақстанда тектен текке ұйымдастырылып отырған жоқ. Естерiңiзде болса, жыл сайын жас математиктер халықаралық сайыстардан неше дүркiн олжалы оралды, тiптi бiрнеше жыл қатарынан алтынға да қол жеткiзген болатын. Қазақ балалары халықаралық турнирлерде дарыны мен талабының жоғары екендiгiн талай дәлелдедi. Қазақстан тәуелсiздiк алған жылдардан бастап қазақ балалары 9 рет алтын медальға ие болуы әлем ғалымдарының ерекше назарын аударып отыр. Ал Астанада мәресiне жететiн олимпиада елiмiздiң әлемдiк деңгейде имиджiнiң нығайып, бiлiм беру жәiне ғылыми жетiстiктерге қол жеткiзуге ықпалын тигiзерi даусыз.

Сондай-ақ олимпиададан кейiн шетелдiк қонақтарға қазақ халқының мәдениетi мен дәстүрi насихатталып, көркем жерлерi мен этнографиялық кешендерге саяхат ұйымдастырылады.

А.БЕЙIМБЕТ