Жаңалықтар

ДСҰ АУЫЛЫ АЛЫС ЕМЕС

ашық дереккөзі

ДСҰ АУЫЛЫ АЛЫС ЕМЕС

Елiмiз жыл аяғына дейiн ДСҰ-ға кiру туралы келiссөздердi аяқтап, жақын арада ұйымға кiрудi көздеуде. III Астана экономикалық форумында Қазақстанның бiрiншi вице-премьерi Өмiрзақ Шүкеев сауда ұйымына кiретiн күннiң ауылы алыс еместiгiн айтты.

Аталмыш ұйымға кiрiгу жоспарлары әуелде-ақ жасалған. Алайда елiмiз ортақ интеграциялық кеңiстiк құру арқылы, дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiктi жеңiлдетудi көздеген болатын. "Мен үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн ДСҰ-ға кiру жөнiндегi негiзгi келiссөздердi аяқтап, жақын арада ұйымға кiремiз деп үмiттенемiн",– дедi. Сондай-ақ бұл мәселеде көршiлерiмiзбен ұтымды жасалған келiссөздер өз септiгiн тигiзбек. "– Бiз шетелдiк серiктестiктерiмiз тарапынан қолдау таба аламыз деген үмiттемiз, олар Қазақстанның сенiмдi серiктес екендiгiн және бүгiнгi күнде өзара пайдалы ынтымақтастық үшiн экономикаға инвестиция салуға зор мүмкiншiлiгiмiз бар екендiгiн бiлуi тиiс",– деп атап өттi ол.

"Түркiстан-ақпарат"