Жаңалықтар

"ГРАНД 20" ТОБЫ ДАҒДАРЫСТАН ҚҰТЫЛУДЫ КӨЗДЕУДЕ

ашық дереккөзі

"ГРАНД 20" ТОБЫ ДАҒДАРЫСТАН ҚҰТЫЛУДЫ КӨЗДЕУДЕ

Канаданың Торонто қаласында "Гранд 20" Саммитi аяқталды. Төртiншi саммиттiң қорытынды декларациясында дамыған мемлекеттердiң бюджеттiк кемшiлiктерiн 2013 жылға дейiн жартылай азайтатыны айтылды. Сондай-ақ, декларацияда "Гранд 20" тобының алдыңғы мақсатының дағдарыс тәуекелiне қарсы экономикаларын күшейту, ұзақмерзiмдi өсу процесiне көшудi қамтамасыз етудi жолға қоймақшы.

Басқосуға 20 мемлекет өкiлдерi мен лидерлерi қатысып, әлем үшiн өте өзектi мәселелердi талқыға салды. Бұл саммитте жаһандық экономика, жұмыссыздық, қорғану шаралары басты мәселеге айналды. Үлкен жиырмалық саммиттiң алдында 8 үлкен елдiң көшбасшылары да Торонтода бас қосты. Екi саммиттiң де басты тақырыбы – жаһандық экономикалық дағдарыс және осы дағдарыстан құтылу жолдары болып табылады. Саммит барысында белгiлi болғандай, еуропалық саясаткерлер дағдарыстан құтылу үшiн үнемдеу саясатын алға қоюды ұсынуда. Ал АҚШ президентi Барак Обама үлкен жиырмалық елдерiне жiберген хатында үнемдеу саясаттарының экономикалық жағдайдың оңалуын кешiктiретiнiне алаңдаушылығын бiлдiрген болатын.

Әлемдегi сұраныс тепе-теңдiгiнiң қайтадан қалпына келтiрiлуi талап етiлген декларацияда кейбiр мемлекеттердегi валюта көрсеткiштерiн жылжымалы болуға шақырды. Басшылар сондай-ақ, дағдарыстан шығу үшiн банктерге салынған салықтардың арттырылуы тақырыбында мемлекеттердiң алдында мүмкiндiк бар екенiн бiлдiрдi.

Америка Құрама Штаттары Президентi Барак Обама аталмыш Саммиттiң жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерiн азайту тұрғысынан маңызды бiр үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ Обама бюджеттiк кемшiлiктерiн азайту тақырыбына қоса келiсiмге келгенiн атап өттi. "Гранд 20" тобы құрамындағы мемлекеттер ие болған өзгешелiктер арасында байланыс құрылғанын және көзқарастардың реттелгенi аталды. Барак Обама Америка Құрама Штаттарының да 2013 жылға дейiн бюджет кемшiлiгiн жартылай азайтуға уәде бердi. – Бiз экономикамызды қысқа мерзiмде өркендету және қаржы жағынан тұрақтандыру жайлы келiсiмге келдiк. Ал, өз басым АҚШ-та 2013 жылға дейiн бюджет тапшылығын екi есеге қысқартуды мақсат етiп отырмын, – дедi Обама.

"Гранд 20" Саммитiне наразылық ереуiлдерi де Торонтоны соғыс майданына айналдырды. Ереуiлшiлер саммит өткiзiлетiн алаңға кiруге әрекет жасаған кезде полиция көз жасаурататын бомбамен ереуiлшiлерге жауап бердi. Қазiргi таңда Канада полициясы 500 ереуiлшiнi тергеуге алып отыр.

Ақниет ОСПАНБАЙ