ОСПАНFА БАРFАН ЕЛШI
ОСПАНFА БАРFАН ЕЛШI
Аса құпия дайындық: сыр – Отаның, жан – өзiң
Сатей Нұртазаұлы көркем әдебиет саласында да елеулi еңбек еткен қаламгер. Оның әңгiме, повестерi моңғол, қазақ баспасөзiнде жарияланды. Б.Моңғолханмен бiрлесiп Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романын моңғол тiлiне аударды. "Келiн" және "Таразы" кiтаптары жарық көрдi.
Сәтей Нұртазаұлы 2010 жылы маусымның 14 күнi Алматы қаласы, Байбесiк ауылында дүние салды. Бiз марқұмның халық қаһарманы, Моңғолияның халық батыры атанған Ноғай Шымшырұлы туралы естелiгiн назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ноғай Шымшырұлының атын көптен естимiн. Ел көлемiнде даңқты адам. Басында интелегенттiгiмiз ұстап үш бөлмелi пәтерде тұрдық. Жас отбасымыз. Айтайын деп отырғаным үйдiң майын, электр, судың ақшасын төлей алмай, борышқа баттық. Бiр күнi тоқты қиып, айыппұл салып кеттi. Қайран қалдық. Ендi қайтуiмiз керек? Тауым шағылды… "Пәтерi құрсын!" от жағып, ас су пiсiрiп отыра беретiн үй iздеу керек болды. Сол кезде Өлгейлiктер жақсы бiлетiн, Ноғай ақсақалдар қыстап жүретiн "Сары ала там" атанған жай тұрғын үй бар едi. Әлгiден екi үй алып күн көрiп жаттық.
Осылай, Ноғай ақсақалмен көршi болдым. – Аймақ орнағанда тура хатшылыққа қоятынын бiлмеген едiм. Сауатым қазақша баршылық, ескi моңғолша жазамын, оқимын, ұраңқай тiлдiмiн – деп бастады әңгiмесiн Нокең. – Сонан ба, әлде мiнез-құлқым жақты ма, жұмысқа бекiтерде Х.Чойбалсанға "мүмкiн болса оқуға жүргiзiп берiңiздер" деп тiлек айттым. Үш жылдан соң партия оқуына шақырды… Бiр күнi сабақта отыр едiк, класқа зәкiрiл (директор) кiрiп келдi. Барлығымыз орнымыздан ұшып тұрдық. Артына қарап ишарат етiп едi, сап-сары ала киiнген офицер кiрiп келдi. "Басқаларың отыр, Ноғай сен бiзбен бiрге жүр" – дедi. Менiң жүрегiм зу ете түстi… Iшiмде неше түрлi қауiп бар. Талай тарланды құртқан "көк қалпақтыға" мен сөзбiн бе?
… Далада "Пикап" дей ме жеңiл машинасы тұр екен, әлгiге отырғызып алып жүрiп келедi. "Неде болса бiр өлiм" – деп жөн сұрадым: "Бiз қайда барамыз, Зәкiрiл?" Оның да бiлiп келе жатқаны шамалы екен. Күмiлжiп қалды. Әлгi офицер: "Сыртқы Iстер министрлiгiне барамыз. Министр Дүгэрсүрэнге жолығасыздар" дейдi жаймашуақ.
– Осы күйiмде ме? – деймiн тағы да. Ондағы ойым, "Егер ұсталып кетсем, болмаса жылы киiнсем бе екен" деген ой едi.
– Иә, осы күйiнше – дейдi әлгi. Зәкiрiлдiң де жүрегiндегi күп арылғандай болып, әрi менi дiкеңдеуден жасқап:
– Ноғай абыржыма, жұмыс шаруа бар ғой тегi, – дедi.
Бiздi кеңсе үстелiне шақырып, өзi қарсы отырып, түймешiктi басты. Есiктен көрiне берген азаматқа бiр орыстың атын айтып шақыр дедi. Ол да келдi. Министр зәкiрiлге қарап:
– Ноғай Шымшырұлы деген азамат осы кiсi ме? – деп сұрады.
– Иә, осы кiсi.
– Ноғай, сенiң сүйегiң кiм едi? – дедi, бейнебiр қазақтың руын жатқа бiлетiндей. Мен де бөлiне жарыла сөйлемейiн деп, "Керей" дедiм.
– Жоқ соның iшiнде?
– Молқымын. "Әй кәпiр-ай, осындай саяси үлкен қайраткерге де бiздiң рушылдығымыз жем болады-ау?"
– Сен Делуiн сұмынынан емессiң бе?
– Иә.
– Қытайдан қай жылдары асып келдiңдер?
– 1920.
– Ол жақта туыстарың қалды ма?
– Қалды. Немере ағайындарым. Туған нағашым Жәнiбек деген кiсi қалды. "Бұл жерде ешбiр нәрсенi артық-ауыс айту, яки жасыру қажет еместiгiн еске алып отырдым."
– Ноғай, сен Оспан деген кiсiнi естуiң бар ма?
– Естуiм бар. Танымаймын. Көрмегем. Оспанның да руы – Молқы.
– Иә солай.
– Ал сенiң нағашың сол Оспандарға қанша жақын мекендеушi едi?
– Тегiндегi естуiмде iргелес мекенде. Шiңгiл, Көктоғай маңы дейтiн.
– Ноғай сен Қабақты танисың ба?
– Танимын.
– Ол қандай адам едi?
Үндемедiм.
– Ол қалайша сұмынның партия ұясының хатшысы болған?
– Бiлмеймiн. Ол мен барда мал жасырған "халық жауының" туысы деп көрiп партиядан қуылған. Артынан қайта iлескен кезiнде кейбiр жолдастардың жауапсыздығынан партия ұясына бастық болып тұрып, билiгiн пайдаланып, бiраз жұртты насихаттап, Қытайға қашып, шекарада оққа ұшқанын естiдiм.
– Ноғай, сенiң үй-iшiң Ұланбатырда ма?
– Иә.
– Әйелiң қазақша киiм тiге ала ма?
– Тiгедi… Осыдан кейiн сургагчысы (кеңесшiсi) екеуi аз уақыт орысшалап, арасында "Чойбалсан гуай" десiп отырды. Маған Дүгэрсүрэн қайта бұрылып:
– Ноғай сен ертең Чойбалсан гуаймен жолығасың. Ол кiсi сенi шақыртып отыр. Бұл әңгiмелер туралы еш пендеге ауыз ашпайсың. Мен:
– Ойбай-ау, мен сабақты қайтемiн? – дедiм. Сабақтың шарты да, үйрету әдiсi де темiрдей тәртiпке бағынатын. Әлгi жаймен болғанда мен осы тамға таңылып жүретiн адам сықылдандым.
– Оқу жайын маршалдан соң сөйлесемiз – дедi министр. Шығып, суретiмдi алдыртып, үйге әкелiп тастады. Үйге таяп келгенде әлгi майор айтты: – Ноғай гуай мұнан былай күндегiше далада көп көрiне бермесiн және 8 сағ.40 мин. дегенде машинаға отырып жүрсiн! – дедi ғой сiзге деп ескерттi. Үйге келгенде өңiм қудай болса керек. Әйелiм шошынған бейнемен.
– Не болды, жайшылық па?! – дедi. Мен сыр бергiм келмей:
– "Жайшылық" – дедiм. (сөйтсем бiздiң буыны қатпаған үкiметтiң жасырыны сол кезде шамалы екен. Мана менi офицер мен зәкiрiл ертiп кеткенiн бiрге оқитын азамат әйелiме айтып келiптi).
Ертеңiнде министр әлдекiммен уақыт келiсiп үкiмет үйiне өзi алып жүрдi. Аздан соң Чойбалсанға кiргiздi. Сонау ұзақта төр басында маршал киiмiн киген көсем отыр. Чойбалсан орнынан тұрғанда орыс та тұрды, екi генерал аяқтарын сарт еткiзiп iзет көрсеттi. Маған:
– Сабақ қалай? Қай сабақ қиын екен?– деп жымиды. Осыдан кейiн Дүгүрсүрэн екеумiзден басқасы кеттi де, Лхагвасүрэн анадай жерге барып қағазын алып жазып жатты. Үшеумiз кешегi әңгiме iзiмен бiраз сөйлестiк. Сосын Чокең орнынан тұрып кеңседе бiраз Сталинше жүрдi. Келiп үстел басына отырды.
– Ендi әңгiме былай, – деп бастады сөзiн.я– Ноғай, сен бүгiннен бастап мектептi бiтiрдiм деп ұқ! Сен Отан тапсырмасымен алыс жолға жүресiң! – дедi. Менi қайда жұмсайтынын сезе бастадым. Үндемедiм.
– Сен Оспан батырға елшiлiк жолмен барасың, – дедi сөзiн жалғап, Оспан батыр – қазақтың даңқты ұлы. Ол ұлтының азаттығы үшiн қарулы күреске шыққалы мiне табаны күректей 4-5 жыл болды. Чан-Кай-Шидiң әскерi оны құртудың неше алуан айласын ойлап, шабуыл жасады. Үрiмжiдегi дүнген әскерi де талай тойтарысқа ұшырады. Бiз оның барлығын Совет барлаушылары арқылы бiлiп отырмыз. Қарапайым халық жасақтаған әскермен осынша жыл соғысып келгенiнiң өзi Оспан батыр және оның серiктестерiнiң кiм екенiн танытады. Олардың күресiн бүкiл әдiлеттi адам баласы қолдайды. Совет үкiметi де, бiз де қолдаймыз. Бiз сөзбен ғана емес, iспен, қару-жарақпен, азық-түлiкпен, болашақта саясатпен де жәрдем көрсетiп Қытай капитализмiне езiлген Шыңжан халқының, соның iшiнде ұлттық тәуелсiздiгi үшiн күресiп жатқан қазақ туыстарымызға қолдан келген бар мүмкiншiлiкпен көмектесуге тиiстiмiз. Мiне, сол мiндеттiң алғашқы шаруасын жолдас Ноғай сен атқарады деп сенiп отырмыз – дедi. Чокеңнiң жүрекжарды сөзiн тындап отырып өзiм де жiгерленiп, аруақтанып кеттiм. "Өзiм интернационал" сөзiнiң мағынасын шын жүрегiмнен құрметтейтiнмiн. Сөзiмде Баян-Өлгей халқы туралы айтқанда, "бiздiң қазақ– ұраңқай халқы" деп сөйлеудi машық еткенмiн. Ал мына көсем – Шыңжан өлкесiнiң адамы демей "Қазақтың даңқты ұлы, оның серiктерi" деп тұрған сөздерiнде терең мән бар-ау! Сөйтпесе бұл көсем бола ма?! Бұл да кешегi Сүхбатырдың серiктерiнiң бiрi едi-ау! Чокең орнынан қайта тұрып, қабырғадағы ақ жiбек шымылдық сыйырыла жөнелгенде дүниежүзiнiң картасының алдына тұра қалды.
– Кешелер түскен мәлiмет бойынша Оспан батыр көтерiлiсшiлерi бiздiң шекарадан көп болса 100 шақырым, арғы жағында, мiне, мына жерде – "Бәйтiг" тауының арғы бауырында қашып көшiп жүр. Көсем қабағы түйiлiп барып:
– Жағдайлары тым ауыр. Көше жүрiп, қаша соғысып жүрген 350-400-дей үй. Сарбаздарының саны 400-500-ден көп аспайды. Қолдарындағы сүйенер дәулетi– жылқы, аздаған көлiк түйесi. Қазiргi жұтаң жылда, малдың шөп-шалаңы жоқ жағдайда әлден-ақ жұтқа шалдығып жатқан да шығар т.б. неше алуан қасiрет шеккен жұрт. Мiне, осындай азап-тозаққа олар неге барған деген сұрақ туады? Ол ең әуелi Қытай үкiметiнiң жауыз саясатының салдары. Ол өзiнiң ат төбелiндей аз капиталистерiнiң қамынан өзгенi, өзiнiң билiгiн мәңгi қалдыру мұңынан басқаны ұмытқан патшалық. Ол өз пролетарымен шаруаларынан да бетер Қытайдағы басқа аз ұлттарды қазақты, ұйғырды, дүнгендi, тибеттi, таңғытты, манж тiптi iргемiздегi iшкi мұңғылды, сонау Алтайдан Тарбағатай арасында шашырап қалған бұрынғы жоңғарлар – өлд, дөрбет, ойрат, ұраңқай, қобық, торғауыт, захчиндарды ит құрлы көрмей езiп, қырып тастап, түк болмағандай масайрап отыра бередi. Қысқасы қазiргi Қытай империясы тек Оспан батырдың ғана емес, ондағы бүкiл езiлген ұлттардың қытай пролетариаттары мен шаруаларының қас дұшпаны. Сонан соң Оспанға опық жегiзiп келген өздерiнiң iшкi сатқындары. Шыңжандағы игi жақсыларды 1939-1940 жылдардан бастап қырқарлап матап байлап жатқанын бiлемiз. Солардың iшiне алауыздық кiргiзiп, азаттық күрескерлерiн серiктерiмен құртты. Шыңжан қазақтарының аты әйгiлi басшыларының бiрi – Шәрiпханды да осы мақсатта пайдаланбақ болған. Ол сатқындыққа бармаған. Керiсiнше Қабыл тайж, Бұқат бейс деген бiреулер жұртты алдап, қару-жарағын қайтарып ел басшыларын сатып кеттi – деп қолмен қойғандай айтып өттi.
– Мiне, осы және басқа арғы беттегi жайды Ноғайға түгел айтып, ұғындырыңдар – деп Дүгэрсүрэнге бiр меңзеп қойды. – Басқадай қандай программалы жұмыстар жоспарланды?
Дүгэрсүрэн бiраз мәселелердi таныстырды.
– Үйiн, ыстық-суық сулы, үштен төмен емес бөлмелi, пармен жылитын үйге көшiрсiн. Үйiне – күтушi, ауласына – сақшы, қорғаушы тағайындаңдар. Киiм мәселесiн қалай шешесiң? – дедi.
– Ол жайын сiзден кеңес алып, Ноғай екеуiмiз ақылдасып шешпекпiз.
– Осы дайындық жұмыстар бiткеннен соң сiзге хабарлап, Бұлғынның "Майхан чулуу" заставасынан шығарып саламыз… Шамамен 7 күннен соң.
– Асығыс! Ноғайдың арғы беттегi киiмi, ер-тұрман, бұйымы түгел таза қазақша болсын. Мұндай қазақи дәстүр салтқа әйел қауымы шебер болады, әйелiне министiрлiк атынан айтып шаруаның аса құпия екенiн ескертiңдер. Оспан батырға үкiмет атынан, менiң қолымды қойған хат дайындап, оны қазақшаға аударып, артқы бетiне жазыңдар. Хатты Ноғай екеуiң бiрiгiп жазып, екi күннен соң маған таныстырыңдар. "Қару-жарақ, азық-түлiк, шай, дайламбы мата сияқты тауар мен ақысыз көмек беремiз" деңдер. Жоғарыдағы барлық жұмысты он күнге сыйғызу жөн шығар. Онан ары созуды тарих кешiрмейдi. Аса тығыздату шалалық болады, әрi мына азаматты осы жерде-ақ тұралатып алудан сақ болыңдар. Ноғайдың жақсылап дем алуына, денсаулығын күтуiне алаң болыңдар. Сондай-ақ, қажетiне жұмсалатын барлық шығынды тiзiмiмен бiздiң шаруашылық бөлiмiне келтiрiп отырыңдар, – дедi.
"Ел қамын жеген "күн-көсем", бүгiн әлемдегi езiлген ұлттар қамымен қанша жерге барды. Ол ақниет, адал жүрегiмен сол бiр қасiрет шеккен қауымға қол ұшын ғана емес аяусыз жәрдем берсек – деп отыр ғой…" деп iлтифатына берiле қалдым.
Ал, бұл күндерi Чойбалсан, Сталиндердiң қателiгi әшкере болғанда, бағана айтқанының барлығы, "патшаның зымияндығы" деген сол екен-ау деймiн мен iштей.
Таңертең тура министiрлiкке келсiн деген екен. Кiрген жерден:
– Нөке, сiздiң нағашыңыз тура Оспан батырдың ауылымен көршiлес отыр екен. Жол-жөнекей адамға, "нағашым Жәнiбекке жолаушылап келемiн" дейсiз. Бұл сiздiң батырдың ауылына дөп баруыңызға мүмкiндiк – дедi.
– Жөн екен! – дедiм, мен де аз ойланып.
– Сонда нағашыма төменгi Алтайдан келе жатуым керек-ау.
– Солай. Төменгi Алтайдан қазақтың бiр сал торы жiгiтi жолаушылап келе жатуың керек. Сондықтан Маршалдың ескертуi бойынша ертең осында әйелiңiздi де алдыртып қазақтың дәстүрлi киiмiмен жолаушылық салтын ақылдасып, шешейiк деп отырмыз – дедi Шекең.
– Ал, қазiр Оспан батырға жазатын хаттың жобасына кiрiсейiк – деп, төрдегi орнын тастап, кеңес үстелiндегi жаюлы қағазға келiп отырды.
Сол күнi екеуiмiз хат жобасын негiзiнен бiтiрдiк. Ертеңiнде әйелiмдi ерте келдiм. Әңгiмелесе келе "Бәйтiк" тауына қазiр қатал қыс таяды, сондықтан, "жолаушы жiгiт" iшiк, тымақ, кестелi шалбар, саптама етiк киюi орынды – деп таптық. Астына мiнетiн аты заставаға әлде қашан ескертiлiп дайын тұр екен де, оған барлық жабдығымен күмiс ер-тоқым әзiрлеу керек дестiк. Нағашы жұртына бара жатқан сал жiгiттiң қоқан кiлемнен бөктерме қоржыны, оның iшi сол өлкенiң жiбек, торғын сияқты қаттама бұлы, қытайдың опырма шайы, қант, бұрым бұрыш сияқты тәттi тараны мен толысуы жөн дестiк. Дүкең тұрып Iшкi Iстер министiрлiгiне телефон соғып:
– Алдыңғы ауылға жүретiн жолаушының киiмiн Өлгейге тапсыру қажет болды. Сiз паролмен тапсырма беру мүмкiндiгi қалай? … деп едi. Бiраз үнсiз тыңдап отырып, жетi күннiң iшiнде Ұланбатырға келуi жөн едi. Размерiн өлшейiк, (таңертең бiр шебер өлшеп қағазға түсiрiп кеткен.)… жарайды келтiрiңiз, – дедi.
Маған қарап: "киiмдерiңнiң аты-жөнiн өлшемiмен қазақша жаз" дедi.
Мен ескi араб әрпiмен "елтiрi iшiк 56-размерлi, 4-ростылы, 50-размердiң саптама етiгi, киiз байпағымен, 62-размердiң керей үлгiсiмен тiккен пұшпақ тымақ және үлкен кестелi шалбар" – деп сыпыртып жаза салып едiм, министр мұны тағы да: "моңғолша жазыңыз шалағайлық болмасын!" – деп ескерттi.
Генерал Доржға телефондап:
– Әлгi жорғаң сүмбiдей жарап тұр – деп жүргенде, құмырсқадай ашығып қалмасын – деп қарқылдап күлiп алды да, – қазақ күмiс ер-тұрман дайындату керек болды – дедi. Бұл екi генерал арасынан осынша емен– жарқын да, ал анау iшкi iстерге келгенде тап бiр маршалмен сөйлесiп отырғандай жасқаншақтау көрiнетiнiнiң сырын Сталин өлгеннен соң ғана бiлдiк қой. Үйге қайтарда Дүгэрсүрэн темiр шкафын ашып, мың төгрөг шығарып, әкелiп әйелiме берiп:
– Мына ақшамен Нокеңе және нағашыларыңызға сәлемдеме алыңыздар, артылып жатса өздерiңiздiкi. Әйелiм абыржып:
– Алмаймыз, – деген едi.
– Бұл үкiметтен осы жөн-жосыққа берiлген қаржы – деп сейфiн жаба салды.
Айтқанындай базардан қоқан кiлемнен жасаған бөктерме қоржын, басқа сәлем-сапқытты алып, үйден сары ала қамшы, күмiс белбеу, тiптi мұрт басатын қазақи ұстараға дейiн дайындадық.
Әуелгi күнi министер екеумiз қолымыздағы баспаша жазған хатымызды көсемге таныстырдық. Хаттың негiзiн ұйғарды бiлем, ескерткенi:
– "Жалғыз шапқан ат жүйрiк" дейдi. "Ат – қанат, серiк – санат" емес пе? Барлық жерге "серiктерiң" деген сөздi қосыңдар. Және көмек ешбiр "ақысыз пұлсыз" деп ашық көрсетiңдер. Сондай-ақ, "кейбiр адамдардың тiлiне ерiп" дегенге "азғырынды арандатушылық тiлiне ерiп" деп жөндеңдер. Ол – Қабақ екенiн бiлесiңдер ғой.
– Бiлемiз! – дедiк.
– Қазақшасы қайда? – дедi көсем.
– Мұнда!
– Оқы, – дедi. Мен оқи жөнелдiм. Бiткенше зер салып тыңдап отырды да:
– Сенiң қолжазбаң қанша өрнектi едi? – дедi.
– Танылады.
– Өзiң жақсылап жазып, артқы бетiне сыйғызып үйрен және сөзiн екi тiлде жаттап ал, – дедi!
– Жарайды! – дедiм мен.
Сол текстi былай едi – деп, Нөкең арада 22 жыл өткенде жатқа заулатты-ау шiркiн:
… "Аса құпия" – деген белгiден соң Моңғол Халық Республикасының Үкiмет жерi. 19… жылдың… айының … күнi. №21 – деген бланкiге жазылды.
Моңғолия үкiметi атынан Шыңжанның тәуелсiздiк күресiн бастаушы батыр Оспан Сiләм ұлы Сiзге – деп тақырып қойып:
"Моңғолия үкiметi – қазақтың данқты ұлы, Шыңжанның ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы, аса мәртебелi мырза Оспан батыр, Сiзге және серiктестерiңiзге жалынды сәлем жолдаймыз!
Сiздердiң әдiлет жолындағы күрестерiңiздi моңғолдың бүкiл халқы және үкiметi қуана құттықтап, шын жүректен жеңiстен жеңiске жете берулерiңiзге тiлектестiк бiлдiредi!
Аса құрметтi мырза Оспан, сiздiң және серiктестерiңiздiң Шынжандағы қазақ халқын бастап шыққан Революциялық күрестерiңiздi тек iшкi қанаушыларға ғана емес қазiргi Қытай үкiметiнiң халқыңызды ұлттық езгiде, бодандықта ұстап келген саясатына қарсы дүниедегi езiлген ұлттармен бiрдей бостандық үшiн аттанған аса үлкен күрес екенiн әлемдегi әдiлеттi адам баласы бiлiп, қуаттап отыр.
Бiз Моңғол халқы 1911 жылға дейiн Қытайдың Манжы үкiметiнiң езгiсiнде болып, 1921 жылға дейiн iш пен сырттың үстем таптарының қанауымен жаншылған едiк. Бүгiн сол қанаушы, езушiлерге қарсы күрестiң нәтижесiнде азаттыққа қол жеткiздiк.
Сондықтан да, сiздердiң күрес-қимылдарыңызды моңғол халқы және үкiметi жан-жақты қолдауға ниеттi екенiн ресми түрде мәлiмдеймiз.
Құрметтi мырза! Оспан гуай! осы мәселелермен Моңғол үкiметi атынан сiзге жолығуға бiздiң қазақтар арасында ғана емес, елiмiз көлемiнде аса абыройлы азамат Шымшырұлы Ноғайды өкiлдiкке жiберiп отырмыз.
Ш.Ноғай Моңғол үкiметi атынан сiздермен болашақта бiрiгiп қимылдау мәселесiн ақылдасып, бiр-бiрiмiзге сүйену, әсiресе езгi қанаушылыққа қарсы шайқасып жатқан сiздерге мылтық-сайман, азық-түлiк киiм-кешекпен көмек көрсетуге бiздiң мүмкiндiктi пайдалану жайлы ақылдасуға құқылы. Қойылған пiкiрдi ұйғарсаңыздар бiздiң жақтан ақы-пұлсыз жәрдемге беретiн дүниелердi қай жерде, қай кезде қабылдап алуға келiсулерiңiздi өтiнемiз! Бұл мәселе екi ел, екi халықтың арасында достық пен ынтымақ, бiрiгiп қимылдаудың тарихи бастамасы боларына сенемiз! Сiздердiң қаһармандық күрестерiңiзге табыс тiлеймiз!
Бiзден қояр тiлек: Осы жуықта (1943 жылдың күзiнде) бiздiң Баян-Өлгей аймағының Құжырты, Бұлғын, Үйiншi деген сұмындарының ешбiр кiнәсi жоқ жүзден астам адамы шекара асып кеткен едi. Олар шекара бұзып шыққан кезде де, жергiлiктi жерде де ешқандай қылмыс iстемеген, тек кейбiр адамдардың азғырынды арандатушылық тiлiне ерiп қашқан. Ендi сол адамдар сiздермен хабарлас болса, егер өздерi ұйғарса, Моңғолияға қайта оралуын рұқсаттаймыз және шақырамыз! Ал келген соң ешбiр жауапкершiлiкке, қылмысқа тартпайтындығымызды сiз арқылы уәде етемiз!…
Бұл хатты Моңғолия үкiметi тарапынан келiсiп, моңғол-қазақ тiлiнде жазылып, мөр басылып жүргiзiлдi. Хаттың жауабын азамат Ш.Ноғай арқылы жазба түрiнде, яки ауызша келтiредi деп сенемiз.
Моңғол үкiметiнiң бас уәлиi – Хорлогийн Чойбалсан" деп қолын қойған едi.
Бiз қайтiп келiп Дүгэрсүрэннiң кабинетiне кiре бергенде телефон шыр ете қалды. Министiр трубкасын көтере салысымен орнынан ұшып тұрып:
– Естiп тұрған, мен Дүгэрсүрэн құрметтi Маршал! – деп, үнсiз тыңдап тұрып соңында баяғы – мэдлээ, гүйцэтгэе! – дедi.
– Маршал Мәскеуге ұшып бiр апта жүрiп келедi екен. Сонда дайындық жұмысының барысын таныстырыңдар! – дептi.
Дайындық демекшi ең қиыны да, қажетi де алда екен. Ол "Аса құпия", "Ерекше тапсырма алушыға үйрететiн сабақ кестесi " – деп үш министер қол қойған жұмысы болды. Кестесi не бары жетi күнге сыйысыпты. Бастапқы екi күнi Сыртқы Iстерде, келесi екi күнi Iшкi Iстерде, соңғы күндерi әскер Яманда (Министiрлiкте). Сабақ күнiнде алты сағат дептi. Таныстым, қол қойдым.
Сабақ басталды… Үлкен оқу залында жалғыз отырмын. Қолыма қағаз алып едiм, "Болмайды!" – дедi.
– Зер қойыңыз!
Үйретушi заулап тұрған шешен адам екен. Ол маған, мен оған мән бермейтiндеймiз. Әуелi дүниежүзiнiң саяси жайын пайым еттi. Оған Советтiк армия жеңiсi, онан Квантун туралы неше түрлi сан фактi атаумен дәлелдеп, екiншi жартысы дегенде тұп-тура жырдың өзiне кiрдi-ау:
– Мен, – дедi шешен, – Оспан батырдың жалпы iс-қылығын, мiнез-құлқын пайымдаудан бұрын оны адамның төресi еткендей ерекше төрт қасиетiн сiзге ескертемiн. Бұл Маршал Чойбалсан жасаған қортынды! – дедi. Және де пенде болған соң Оспанның iс-қимылына тұсау болатын кемшiлiктерi барын да қосып айтамын. Жақсы қасиеттерi:
1. Оспан – ұлты үшiн жанын құрбан етуге бел буған адам.
2. Ол – мүсәпiр, кедей, жаралы адамға қоң етiн кесiп беруден тайынбайтын мейiрбан жан.
3. Дәулетке еш уақытта қызықпайды.
4. Дiнiне шексiз берiлген адал адам.
5. Ал бұл қасиеттерiн Х.Чойбалсан ерекше "асыл қасиет, аса табандылық", – деп бағалаған.
– Ал жалпы, Оспан – адамның төресi! Амал не? Заманы әлекей. Алып тұлғалы, бiлiм-келбетi де ерек адам. Өте тереңнен сәуегей сөз айтады. Ойланып айтады. Шешен. Ер-жүрек. Әскери айла тәсiлдi жанынан шығарады. Ат үстiнен мылтық атуды, сайыс жүргiзудi жетiк меңгерген, мерген, балуан да болған деседi, аяғын аздап сылтып басады. Ол туадан, яки iндет емес. Сiңiрi жаншылыпты. Ауа-райы бұзылған күндерi өкшесiн уқалап отырады. Үйлi-баранды, балалы-шағалы… Өте тектi, намысты кiсi.
Кемiстiгi:
1. Қандай да ауыр iстi жалғыз өзi шеше бередi.
2. Серiктерiмен ақылдасуы аз. Ондай кезде доңсойыл ма? (ұрдажық) – деп қаласың.
Қасындағы серiктерiнiң көбi өзiнiң жерлес адамдары болған соң да солай ма? Маршал: "Үлкен кемiстiк, серiктерiн бағалауға, қауымын таңдауға әр адам парызды" – деп ескертедi. Өз төңiрегiнен басқа әлемде не болып жатқанын бiлмейдi. Көз ауласы тар. Әрi мүмкiндiгi жабық. Серiктерi де солай. Кеңесшi болуы мүмкiн дейтiн екi орыс азаматы да сауатты адамдар емес.
Азаттыққа қашып жүрiп емес, тұрақты мекенге табан тiреп күресiп, жәрдемшiсiн молайту, өрiстi алу арқылы қол жетуге болатынын онша ескермеген. Оспан – хат ғана танитын адам. Көкiрегi дана болғанымен оған ғылым нұры түсiп үлгермеген. Бәрiне заманы кiнәлi. Мiне, осы кемiстiктерiне қортынды жасап, сүйенiшiн молайтса "Ақ кигiзге" отырғызуға болар едi" – дедi.
Мен ойлап отырмын: "Оның кiм екенiн осынша алыстан бiр кiсiдей бiлiп отырғаны маңында бiздiң жансыз болғаны ғой тегi".
Ең ауыр сабақ та, қорқынышты сабақ та Iшкi Iстер министiрлiгiнде екен. Олар да менi жапа жалғыз бөлмеге кiргiздi. Есiктi бекiтiп, терезенi жапты. Жасы елулер шамасындағы бурят адам, әуелi жан-жағындағы жабдықтарын, көрнектi құралдарын түгендеп алды да:
– Сiз екеуiмiздiң бұл сабағымыз "Маш нууц" (Ерекше құпия) деген бiлiмге жатады – дедi. Сонсоң, аты-жөнiн айтпастан сабағын бастап кеттi.
Бастапқысы қарапайым, "Мұны несiн өлгенше жасырады?" дерлiк едi. Барған сайын өлiм мен өмiрдiң қыл көпiрiне бiрақ жеттi – деп Нөкең бiраз үнсiз отырды. – "Бұл жасырынды мен Сәтей саған ғана айтайын.Тарихтың мұндай сыры мәңгi жасырылмайды, ол мүмкiн әдеби туындыға да қажет болатын кезi болады. Бұл бiр жағы. Екiншi жағы бүгiн Оспан батыр да, Чойбалсан да жоқ. Ал Моңғолия үкiметi бәз баяғы күйi. Екi ел деймiн бе, яки Чөкең мен Ошың деймiн бе, соңында жауласқан дұшпандасқан жай болғанымен Моңғол үкiметi сол күрескер қазақ ағайынға еш жамандық ойламаған, керiсiнше көзi ашылса, көкiрегi оянса, мақсатына жетсе, ол үшiн күштiге сүйенсе, сол ақылды алса, – деген едi ғой"…
– Үйретушi әуелi қарапайым дала пендесiне қараңғыда "терiскей, күнгей, оң-сол" дегендей адасқанның жөнiн табу жолын, күн райын, дауыл, аяз, қар, жауынды күнi бұрын болжау жөнiн айтты.
Бұл аудиторияға келiп сабақ алған адам – еш уақытта жау қолына тiрi түсуге қақысы жоқ, – деп ендi күрделi жайға кiрдi-ау көкжал. Жаумен жекпе-жекте оған сенiң жаның олжа емес, сенiң сырың олжа! Саған осы сәтте, "бiрiншiге сырыңды қоясың ба, жаныңды қоясың ба?" деген сұрақ туады. Бұл жерде сыр деген – Отаның, жан деген – өзiң, әрине! – деп ол өзi жауап бередi. Екеуiн де аман алып шық. Ол сенiң антың! Антың! Осы ант бәрiнiң тұтқасы. "Орындаймын!" – дедiң. Ант – сенiң ендi рухың! Анттан тайсаң сатқынсың. Опасызсың. Анттан тайсаң жазалысың! Онда сен бәрiбiр өлген адамсың. Өйткенi, сен Отанын сатқан опасызсың. Сондықтан бiздiң орган адамына сыры мен жанын қорғау, аман алып келу ең қасиеттi борыш, – деп полковник тым қатуланып сөйледi.
Бұл айтылғанды – "Сырың түгел, жаның аман болсын" деймiз бiз. "Жаман айтпай жақсы жоқ" деген мақал бар. Қапелiмде жау қолына тiрi түсiп қалдың, ол сенiң сырыңды ашқызудың сан алуан зымияндығын iстеп бағады. Ал сенiң сырың екi-ақ жерге, яки екi-ақ адамға айқын болуға тиiс. Бiрiншiсi – тапсырма берушiң, екiншiсi соңғы орындалатын жерi. Мiне, соны айдай әлемге әшкерлеу қарсы жақтың жалғыз арманы.
Олар негiзiнен төрт түрлi шара қолданады: бiрiншiден, төзiм, есiңнен танбау, Отан құпиясын сақтау, ешкiмге сенбеу. Сенi бiлетiн бiр кiсi. Осы төрт тағылымды есiңе сақта. Қайталап айтам жақсы тыңда.
Қинау. Өлiмдi көз алдыңа келтiредi. Қинаудан шала өлесiң. Осы кезде төзiм ғана серiгiң. Бiрақ текке өлме. Сенiң жазығың не? Мүмкiн сен оған пайдаға жүрсiң бе, кiм бiлсiн. Ал, өлтiрсе шындық iшiңде кетсiн. Отаныңа қатер жоқ, – деп алып, өзi: "Төзiм, төзiм!" деп төрт рет айқайлады. Сонан соң маған айттырды. Мен жай қайталағанымда ақырып жiбердi. Мен де жан дауысыммен ышқынып: "Төзiм, төзiм!" – деп төрт рет айқайлағанымда жүрегiме бұл сөздiң мағынасы жеттi. Өне-бойым тiтiреп кеттi.
Есiңнен тандыру, мас қылу, есiрткi егу т.б. Мұндайда iшу қажет болса iш!… Бiрақ есiңнен тануға хақың жоқ! Таңсаң сен Антыңнан тайдың, сырымды алдырдым деп ұқ!
Жалған айғақ, жалған уәде, тiптi шын айғақ әкелiп адаммен арбаған, айламен шырғалайды. Сен ондайда адаспа. Сен құпия сақтауға Анттысың, сенетiн кiсiң бұлар емес.
Шексiз бақыт, игiлiкке кенелтiп бақылау әдiсi. Бұл көбiнесе саяси тұтқынға қолданылады. Бұл кезде масаттану, шалқу – өлiм! Сен саясат адамысың. Ендi органда қызмет етушiнiң мiнезi қандай болу керек дегендi бiлу де шарт. Орган адамына: асып-тасу, мақтану, қуану, көп сөйлеу, ренжу, өкiну, ашыну, ашулану, көсемсу, шешенсу бәрi жат деп бiр тоқтады. Мұғалiм де, оқушы да жан түршiгiп қиналдық бiлем. Келесi сабақ ойын болды. Әскери жеңiл киiнген екi жiгiт келiп:
– Армияда болғансыз ба?
– Жоқ.
– Жасыңызда күресiп жүрдiңiз бе?
– Күрестiм.
– Қандай атағыңыз бар?
– "Сұмын заны" (Шынында жасым жиырмадағы кезде әжептәуiр күресiп, сұмынды ағалап, ендi Қобда аймаққа барамын деп жүргенiмде мұқым Батыс бес аймаққа атағы шыққан Қожағапанның күшiн естiген соң, бiз бала екенiмiздi бiлiп күресудi қойғанбыз, әрi сұмында кiшiгiрiм басшы болып кеттiм.)
– Жақсы екен! қазiр бiз сiзге қолға түскен тұтқынға қажет бiрер айла тәсiл көрсетемiз деп, аяқпен, қолмен, тiземен, ең соңы баспен қарсыласқа қалай соққы берудiң бiрнеше түрлерiн үйреттi. Маған салса – "қапсыра құшақтап, қырқай шалып, алып ұрып" қалғанын кезiнде көрмеймiн бе, – деп онша мән бере қоймадым.
* * *
Дорж генералдың ауылында көрген мылтықтың түрiнен бас айналатындай екен. Алдымен, "Қару қоймасындағы" дүниенi бiраз көрсетiп алып Ұланбатырдан ары "Жанчивлан" деген жерге апарып "дала оқуын" өткiздi. Түс ауа әлгi сайманның бiразын маған аттырды. Бұрын аң-құс атып бiразын көрсем де, жең мылтықпен нысанаға дәл тигiзу оңайға түспедi. Алайда, кешiнде бiрталай мақтаумен оралдым.
Бұл күндерi үйiмiз үш қабатты көк ала дейтiн үйге көшкен. Бұрынғыдай отын, судың, соғымның қамы жоқ, бәрi үкiметтен. Демалыс күндердiң кешiнде кино, қонцерт көрiп, "Богд тауына" шығып шаңғы теуiп дегендей алда тұрған, кешелерi естiген қатер-қауiптен азат болғандай күй кештiк. Кино да, концерт де өзiмiздiң офицерлер ордасында өтедi.
* * *
Менi аттанарымнан екi күн бұрын көсем қонақ еттi. "Тау аузы" деп аталатын резиндециясында генерал Дорж, Дүгэрсүрэн үшеумiздi маршалдың оқ қағарлары тексерiп ертiп кiргiздi. Үлкен киiз үй тәрiздi залдың оң босағасында неше түрлi iшiмдiк, онан кейiн тағамның түрiмен дастарқан майысып тұр.
Көсем бүкiл құрылымын дерлiк алтын ноқамен көмкерген диван үстiнде отыр. Алдында көлденең ұзын столда тегене толы бiр қойдың ұшасы жатыр. Жан-жағы жалтылдаған ыдыс пен неше түрлi тағам.
Маршал екi қолын кең ашып:
– Келiңдер, Ноғай сен мында кел – деп өзiнiң оң жағын көрсеттi. Бұл жерде маршал моңғолша киiнiп, кәдiмгi ауылдағы ұранқайлардың пошымында отыр. Бұрын анандай келгенде именiп тұратының ұмытылып, ауылдың ақсақалымен отырғандай күйге келедi екенсiң. Бiз отырысымен өзi пiл мүйiзiмен сапталып, күмiстеген ақ пышақты алып, ұшаны дәстүрiмен кесе бастады.
Бiздерге қос қолдап ұзын-ұзын етiп, жұқалау тураған бiр май, бiр қара кесек етiн ұстатып, даяшының құйған коньягiн алып бердi.
– Жолдастар "осы тостыны Отан тапсырмасымен алыс сапар жүретiн досымыз Ноғайдың денсаулығы үшiн, жұмысының табысты болу үшiн, бүгiнгi Совет армиясының жеңiсi үшiн алыңдар!" – деп өзi қағып салды. Түрлi тағам сатырлап келiп жатыр. Соның iшiндегi осы үкiмет үйiнде жеген мәнтiнiң дәмi күнi бүгiнге дейiн аузымнан кетпейдi. Хундагтың (тостының) кезегi маған келдi.
– Мен бұл тостыны көсемiмiз Маршал Чойбалсанның денсаулығы үшiн және бiздiң жеңiстерiмiз үшiн көтерудi өтiнемiн! Маршал:
– Рахмет! – деп арағын iшiп жiберiп, – Ноғай, сен намаз оқитын ба едiң? – дедi.
– Жас кезiмде молдадан сабақ алғам. Оқитынмын! – дедiм.
– Сен мынаны есiңе сақта, Ноғай – дедi. – Халқыңның әдет-ғұрпын, тiлiн, дiнiн ардақтамасаң сен ол халыққа жатсың! Сен ертең Оспан батырға барғанда бiзде дiндi құртқан "мен таза үкiметпiн", – деп қазақтың әдет-ғұрпынан бөлек ұстансаң, достасуға жөн табылмайды. Менiң естуiмде "Оспан батыр дiнге берiк" адам дейдi. Бұл да – батырдың табандылығы" – деп бiраз әңгiмеге кеттi.
"Жақсы атаққа тiлегенмен жетпес, жаман атақ тағылса, қырғанменен кетпес". Оспанға халқы қойған бұл атақ тiлегенге бере салатын дүние емес. Оның ерлiгiне, табандылығына, халқына, достарына, адалдығына, ер жүректiгi мен соғыстағы тапқырлығына берiлген абыройлы атақ. Ондай адамды қастерлеу керек! Сен Оспан батырмен де осылай дәмдес, табақтас болсаң, сол кезде қазақтың дәстүр-салтынан да тағылым алатын боласың! – деп бiр ескерттi.
Бұл күнi таңертең Чойбалсан менiң барлық дайындығымды Үкiмет үйiнде көрдi. Өлгейден келген iшiк, тымақты киiп, күмiс белбеудi буынып, саптама етiк, кестелi шалбармен алдына дөңкиiп тұра қалғанымда "Қазақтың атақты Ноғай батыры" – болып шығыпсың! "Сайн байна", – деп түпкi кабинетiне кiрiп, кiшкентай қапшықты алып шықты. Сөйтсем, әлгiде үлкендеу алақанға сыйып кетердей жең мылтық бар екен, қабынан шығарып:
– Құрметтi, жолдас Ноғай, мына мылтық менiң саған берген сыйлығым! Бұған бiр жолда алты оқ сыяды. Бейбiт заманда аң аула! – деп ұстатты, менi құшып тұрып,
– Моңғолдың үкiметi атынан алдағы iсiңе табыс тiлеймiн! Кешке кездесемiз – дедi. Сыртында екi жерден таңбалы, екi жерден шайырлап мөр басқан үкiмет хатын қолыма ұстатып:
– Осы хат сенiң үкiмет атынан апаратын сәлемдемең – деп қолымды қысты. Мұндай сапарда адамға екi нәрсе серiк болады. Жүректiлiк пен төзiмдiлiк, солар сапарлас жолдасың болсың!
"… Ұлық болсаң кiшiк бол" деген осы. Осыншама үлкен шен, ауыр мiндет адамдарының жауаптанған iсiне, халқының әр бiрiнiң тағдырына қанша жiтi мән бередi? Менiң киiм-кешегiме дейiн зер салып жүр. Бұл елдiң ғана емес, анау алыстағы тозған елдiң қамын жеп отыр. Осылар қай заманда осынша көреген, көсем болған жұрт? Тiптi екi генерал да тым қарапайым, бiлiмдар. Маршалды дана адам болған ба деп ойлаймын: Оның 1940-жылы қазақты бөлек ұлттық аймақ еткенi әлемдiк тарихта үлгi. Өлгейге 1940-1952 жыл арасында екi рет келiп қайтты. Немесе Оспан ары қарап кетсе де ол өзiнiң қазақ халқына деген сүйiспеншiлiгiн жоғалтпады. Өзiнен кейiнгi iзбасары Ю.Цэдэнбалға қазақты тапсырып кеттi. Әрине, 1937-1938 жылдардағы қателiгiн ешкiм де кешiрмейдi. Алайда ол КГБ-нiң кесiрi едi.
Осы жерде Нокеңдi мен аздап бөлдiм:
– Өлгенмен, жұмыстан ауысып кеткенге жөнсiздiктi жабу оңай. Чойбалсан бiр кiсi, ал қалған коммунистер "аппақ" бола ала ма? Бiреу айтты деп өзiнiң бейуаз халқын қырмандай қырған опасыздықты қалай жауып қояды?! "Халық жауы" "Үкiметке қарсы топ" деп ат қойып байлап, матап әкеткен. Шынында олар, өз ата-бабаларымыз, ағайындарымыз – қашан үкiметке қарсы одақтасып едi? … – деп бiраз сұрақ, сөгiс аралас сөйлеп