Жаңалықтар

ШАРТ ОРЫНДАЛМАСА, ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЙТАРУ КЕРЕК

ашық дереккөзі

ШАРТ ОРЫНДАЛМАСА, ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЙТАРУ КЕРЕК

Өткен аптаның соңында Астанада "Қазақстан Республикасындағы көшi-қон процестерi және көшi-қон саласындағы заңнамалық актiлердi жетiлдiру шаралары" атты ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Осы бас қосуда Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова көшi-қонның бұдан былай дифференциалды тәртiппен жүргiзiлетiндiгiн хабарлады.

Оның мәлiмдеуiнше, Еңбек және және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Халықтың көшi-қоны туралы жаңа заң жобасын әзiрлеген екен. Бұл заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Осы құжат қабылданғаннан кейiн, "этникалық мигранттарға берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылардың көлемi оралмандардың орналасу аумағына байланысты болады. Солтүстiк облыстарға қоныстанған оралмандарға төленетiн қаржы молаяды" дейдi ол.

"Көшi-қон квотасын алған кезде оралманға бiрнеше талап қойылады. Егер бұл талап орындалмаса, оралман берiлген әлеуметтiк көмектердi мемлекетке қайтаруға мiндеттi болады", – дегендi баса айтты министр ханым.

B News.