Вице-премьер "ұйқышыл ауыл" тұрғындарымен кездесті

Вице-премьер "ұйқышыл ауыл" тұрғындарымен кездесті

Вице-премьер "ұйқышыл ауыл" тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев сыры белгісіз «ұйқы ауруына» шалдыққан Калачи тұрғындарымен кездесіп, жағдайы нашар, болашағы бұлыңғыр Есіл ауданы, Калачи ауылының тұрғындарын Ақмола облысының өзге аймақтарына көшіру мәселесін қарастырды.

Вице-премьер Калачи ауылына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен келгенін айтты. «Бүгін мен арнайы Елбасының тапсырмасымен халықтың жағдайын білуге Калачи ауылына келдім. Бүгінгі күні ғалымдар үшін Калачи халқын дүрліктіріп отырған дерттің нақты себебін ашып айту мүмкін емес. Сондықтан, мұнда Чехия елінен, Мәскеу

және Орта Азиядан келген ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Жақында Елбасының төрағалығымен қауіпсіздік кеңесі өтіп, онда осы Калачидегі «ұйқы ауруы» сөз болып, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі кезде халықты қауіпсіз жерлерге көшіру маңызды болып отыр», – деді Бердібек Машбекұлы.

Бүгінге дейін Калачи мен Красногорск ауылдарынан 65 отбасы өзге жаққа көшірілген. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бірінші кезекте баласы бар отбасылардың көшіріліп жатқандығын тілге тиек етті. Қазіргі кезде басты міндетім мұндағы балалардың алаңдамай білім алып, жақсы өмір сүруіне жағдай жасау. Сондықтан бірінші кезекте балалы отбасыларды көшіреміз. Сондай-ақ, өзге де көшуге ниетті тұрғындар болса, оларға Есіл мен көрші Державинск қалаларынан пәтер беретін боламыз. Ал, көшпей осында қалғысы келетіндердің еркі біледі. Ешкімді де күштеп көшірмейміз. Тек мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар дегім келеді. Өйткені, Красногорскі мен Калачи ауылдарының келешегі жоқ, – деді.